Даудың тараптары жанжалды шешудің тиімді әдісін таңдайды

Даудың тараптары жанжалды шешудің тиімді әдісін таңдайды

 

Ағымдағы жылдың 1 ақпанына облыс соттарымен татуласу рәсімдерін қолдану арқылы 170 азаматтық іс қысқартылды. Диалог орнату мен келісімге келу жанжалдасушы тараптардың екі жаққа да тиімді шешімге келулеріне көмектесті. Келіссөздер нәтижесінде облыс соттарымен 25 іс бойынша тараптар бітімгершілік келісімге, 144 іс медиациялық келісімге, 1 іс партисипативтік рәсім қолдану арқылы дауды реттеу туралы келісімге келіп, іс жүргізу қысқартылды.

Мысалы, Тасқала аудандық сотында 2018 жылдың басында жауапкерге бағуға берілген 4 жылқының жоғалуы нәтижесінде келтірілген 1 400 000 теңге көлеміндегі материалдық шығынды өндіру туралы дау реттелді. Әңгімелесу барысында тараптар келісімге келіп, жауапкер қарызды қайтару бойынша білдірген ұсынысымен келіскен талапкер өз талабынан бас тартты. Қабылданған шешімнің шарттары туралы тараптар медиациялық келісімде баяндады. Дәл осындай дау Казталов ауданының №2 аудандық сотында да реттелді. Жауапкердің кінәсінан талапкердің 10 бас қой мен 7 бас ірі қара малы жайылымнан қайтпағаны агықталды.  Талапкер жауапкерден 1 700 000 теңге көлеміндегі малының құнын ақшалай немесе орнына малмен қайтару арқылы өтеуді талап етті. Сот отырысында тараптар өзара тиімді ортақ шешімге келіп, медиациялық келісім ұсынды. Аталған сотта, жауапкердің бейнежазбаны интернетте таратуы мен ар-намысына нұқсан келтіруіне байланысты талапкерге келтірген материалдық залал үшін 1 000 000 теңге көлемінде өтеу туралы іс бойынша өзара татуласқан. Тараптардың өтінішін ескере отырып, сот олармен қол қойған медиация туралы келісімді бекітіп, іс бойынша өндірісті қысқартты.

Сонымен қатар, азаматтық істердің басым бөлігі Орал қаласының №2 сотының өндірісінде екенін атап өту керек. Күн сайын талап арыздар басым бөлігі сонда түсуде. Ағымдағы жылдың 03 қаңтарынан 01 ақпаны аралығында татуластырушы-судьяларға алимент өндіру, неке бұзу, келген шығынды қалпына келтіру және келісімшарт міндеттемелері бойынша туралы даулар бойынша 192 талап арыз келіп түсті. Жанжал қатысушылары арасында келіссөздер жүргізу, туындаған мәселелер мен түсініспеушіліктерді ұғыну тараптардың жанжалды шешудің тиімді әдісін таңдауларына септігін тигізді. Нәтижесінде судьялармен 17-і бітімгершілік келісім, 80медиациялық келісім бекітілді.

 

Батыс Қазақстан облысының баспасөз қызметі.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив