Заңнамадағы түзетулерді талқылау.

Заңнамадағы түзетулерді талқылау.

 

Жуалы аудандық сотында соттың «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.     

        Талқылауға судья А.А.Замбаев, прокурор Е.А.Ахметов, Халық Банкінің Жуалы аудандық филиалының басшысы Р.С.Үйсінбаева, «Атамекен» Жамбыл облысы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Жуалы ауданындағы филиалы басшысы А.Б.Әуесхан, Жуалы ауданы Әділет басқармасының бас маманы К.Мамбеталиев, МКК «Жуалы-су» заңгері М.Т.Айткулов, Жамбыл облысы Нотариалдық палатысының нотариустары М.Ж.Саттарова, А.Ж.Жексенова қатысты.

       Сөз алған судья А.А.Замбаев 42 заңнамалық актіге, оның ішінде 11 кодекске түзетулер енгізілгенін еске салды. Сонымен бірге меншік құқығын қорғауды күшейтуге, төрелік институтына, сот жүктемесін оңтайландыруға және экономикалық қылмыстарды ізгілендіруге байланысты өзгерістердің 8 блогы туралы айтты.

        Сонымен қатар, қатысушылармен мүлікті тәркілеу кезіндегі мүліктік құқықтарды қорғау, банк заемдері бойынша тараптардың мүліктік құқықтарын қамтамасыз ету, экономикалық, салық, қылмыстық құқық бұзушылықтарды ізгілендіру  және сот жүктемесін оңтайландыру, нотариат палатасының өкілдері заңмен қабылданған жаңалықтарды атап өтіп, нотариустардың және прокуратураның істер мен материалдардың кейбір санаттарын қарауына баса назар аударып, ауыспалы ережелер және олар бойынша туындаған мәселелер егжей-тегжейлі талқыланып, заңнаманың жаңа нормаларын тиісінше және біркелкі қолдану бойынша ұсынымдар берілді.

       Өз кезегінде нотариустар тарапынан сот бұйрықтары бойынша сұрақтар туындап сол бойынша ұсыныстар берілді.

       А.А.Замбаев отырысты қорытындылай келе,  барлық мүдделі тұлғаларды құқық қолдану мәселелерін жұмыс тәртібінде шешуге шақырды.

 

Жамбыл облысы  Жуалы аудандық сотының  баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив