«Процессуалдық шығындарды өндіру және басқа да процессуалдық өзекті мәселелер» тақырыбындағы дөңгелек үстел отырысының

«Процессуалдық шығындарды өндіру және басқа да процессуалдық өзекті мәселелер» тақырыбындағы дөңгелек үстел отырысының

 

2019 жылдың 29 қаңтарында, Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотында, Есіл ауданының №2 аудандық сотының төрағасы Б.Ж.Есенов және судья Қ.Тобағалиұлының, Астана қаласы полиция Департаментінің анықтау басқармысының бастығы А.Қалдарбеков, Астана қаласы полиция Департаментінің анықтау басқармысының бастығының орынбасары С.Ибраев, полиция Департаментінің анықтау бөлімінің бастығы А.Акитаев, Астана қаласы Есіл ауданының прокурорының орынбасары Р.Бегалдинов, Есіл ауданының прокуратурасының бөлім басшысы А.Бараев, Астана қаласы Есіл ауданының полиция басқармасының анықтау бөлімінің бастығы А.Увалиев, Есіл ауданының полиция басқармасының көші-қон бөлімінің аға инспекторы Д.Сатыбалдин, Есіл ауданының полиция бөлімінің анықтау бөлімінің бастығы Д.Шаймерденов,  және Астана қаласының жеке сот орындаушылыарының аймақтық палатасының өкілі Ә.Рапихтың қатысуымен, процессуалдық шығындарды өндіру және басқа да процессуалдық өзекті мәселелер бойынша жалпы жағдайы қаралып, сонымен қатар осы тақырыптың ең өзекті мәселелері егжей-тегжейлі талқыланып «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді.

Дөңгелек үстел отырысын Есіл ауданының №2 аудандық сотының төрағасы Б.Ж.Есенов ашты. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексіне енгізілген өзгерістерді назарға ала отыра, 2019 жылдың 03 ақпанынан бастап 393 - бап қылмыстық құқық бұзушылық болып табылмайтынын айтып өтті. Сонымен қоса сот төрағасы процессуалдық шығындарды өндірудің маңызды мәселелеріне тоқталып, процессуалдық шығындарды дұрыс есептеу жолын түсіндіріп өтті.

Астана қаласы полиция Департаментінің анықтау басқармысының бастығы А.Қалдарбеков пен Астана қаласы Есіл ауданының прокурорының орынбасары Р.Бегалдинов қылмыстық кодекске енгізілген жаңа өзгерістерді қызмет бабында назарға алынатындығын айтты.

Дөңгелек үстел барысында, соттың судьясы Қ.Тобағалиұлы жәбірленушілер қорына өндірілетін мәжбүрлі төлемге кеңінен тоқталып, барлық маңызды мәселелерін ашып берді. Сондай-ақ сот судьялары қылмыстық теріс қылықтардың өзекті мәселелері жөнінде сөз қозғады.

Полиция депратаменті және басқармасының өкілдері қылмыстық теріс қылықтар бойынша жұмыс бабында өткір тұрған сұрақтардың жауабын алды.

 «Дөңгелек үстел» барысында басқа да өзекті мәселелер талқыланып, көптеген ұсыныстар болды.

 Іс-шараны қорытындылай келе, қатысушылар ортақ пікірге келіп, қозғалған мәселелер жұмыс бабында қолданылатынын айтты.

  

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив