Электронды атқару парағы

Электронды атқару парағы

Қазіргі таңда соттар атқару парақтарын тікелей мемлекеттік немесе жеке сот орындаушыларға электрондық түрде жіберу механизмі жүзеге асырылуда. Атқарушылық құжаттарды өндіріп алу бойынша тиісті өңірлік бөлім орындайды, сондай-ақ өндіріп алушыдан арыз түскен жағдайда атқарушылық құжат арызда тікелей көрсетілген жеке сот орындаушыға жіберілу мүмкіндігі қарастырылған.

Азаматтар сотқа атқарушылық құжаттарды орындауға жіберу туралы арызды «Сот кабинеті» сервисінің «Сот ісін жүргізу» бөлімі арқылы электрондық құжат нысанында жібере алады. Осы жаңалықтарды іске асырудың нәтижесінде қағаз жүзінде ұсынуға кететін уақыт қысқара түсті. Бұл құжаттардың барлығы электрондық түрде рәсімделетіндіктен атқарушылық құжат жоғалмайды, заманауи технологияларды қолдану халықтың сот жүйесіне деген қолжетімділігін арттырады. Сонымен қатар «Сот кабинеті» сервисінің пайдаланушылары құжаттардың орындалғаны туралы хабар алып отырады.

Бұл азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтірудің маңызды кепілі болып табылатын сот актілерін жедел әрі тиісінше орындауға мүмкіндік береді. Сот төрелігін жүзеге асырудың түпкі нәтижесінің бірі осында.

 

Джанглышбаева Г.Д.

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының №2 аудандық соты кеңсе бас маманы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив