Сот дауды партисипативтік рәсім арқылы реттеу туралы келісімді бекітті

Сот дауды партисипативтік рәсім арқылы реттеу туралы келісімді бекітті

 

Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы азаматтық істі қайта қарап, дауды партисипативтік рәсім арқылы реттеу туралы келісімді бекітті. Талапкер  мен жауапкер арасындағы даудың негізі шаруашылық құрылыс салу мәселесі болған.

Талапкердің айтуы бойынша, оның көршілерінің шаруашылық құрылысы  іргелес жер учаскелері  шегінің арақашықтық нормаларын бұзып, оның үйінен 30 см қашықтықта орналасқандықтан, ол өзінің тұрғын үйін жөндеу  және қалыпты ұстау мүмкіндігінен айырылып отыр.

Бірінші сатыдағы соттың шешімімен талап қанағаттандырылған, сот жауапкерге құрылысты бұзып, талапкерге тұрғын үйін жөндеу  және қалыпты ұстауға қолжетімділікті қамтамасыз етуді міндеттеді. Сот актісімен келіспеген жауапкердің өкілі сот шешіміне шағым келтірді.

Алайда, істі апелляциялық сатыда қарау барысында тараптардың өкілдері - адвокаттар ұсынылған келісімде көрсетілген шарттар негізінде  партисипативтік рәсім негізінде дауды реттеу туралы мәлімдеді.

Сот алқасы тараптардың қол жеткізген келісімдерін зерделеп, оның заңға қайшы келмейтіндігін, басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбайтындығын анықтап,  іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым шығарды.

Талапкерге сотқа талап арыз беру кезінде төлеген мемлекеттік баж  сомасы қайтарылды.

Нәтижесінде тараптар заңгерлердің көмегімен ұзаққа созылған дауды шешті.

Татуласу рәсімдерінің ерекшелігі – өзара ымыраға келу, себебі дауды реттеу үшін қабылданған шешім дауласушы екі тарапты да қанағаттандырады.

Ұйғарым заңды күшіне енді.

 

Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив