Бала еңбегін қанау

Бала еңбегін қанау

 

Бала еңбегі проблемасы бүкіл әлемге таралған. Өнеркәсібі дамыған елдерде де, дамушы елдерде де орын алып отыр. Бала еңбегі баланың құқықтарына және дене дамуы мен психоәлеуметтік дамуына үлкен, кейде оңалмайтын нұқсан келтіреді. Жас мөлшеріне сай емес, ауыр еңбекке негізінен халықтың әлеуметтік неғұрлым осал топтарының, тұрмыс деңгейі төмен отбасыларының немесе толық емес отбасыларының балалары араласады.

Әлемдік деңгейде, бала еңбегі мәселелеріне тікелей қатысты бірнеше халықаралық конвенциялар мен маңызды құжаттар бар. Ең танымалы 1989 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы бала құқықтары туралы Конвенциясы маңыздысы болып табылады. Дегенмен, орталық Азия бала еңбегін қанау мәселесі шешілмеген аймақ қатарына жатады. Балаларды көбінесе садақа сұрауға, ұрлық жасауға, мақта теруге, құрылыс жұмыстарына, сауда-саттыққа жұмсайды. Халықаралық еңбек ұйымы сарапшыларының айтуынша, әлемдегі еңбекке жегілген 215 миллион баланың 115 миллионы қауіпті жағдайда жұмыс істейді. Олардың 60 пайызы – ер балалар. Ал бұл өз кезегінде баланың құқықтарын шектеп, денсаулығына зиянын тигізеді.       

Балаларды еңбекке тарту олардың болашақта білім алуын нашарлатады, ал ол өз кезегінде оның кейіннен жұмысқа орналасуына әсер етеді. Соңғы нәтижесінде бала еңбегі адамзаттық ресурстардың дамуына және мемлекеттін жалпы әлеуметтік - экономикалық дамуына жағымсыз әсер етеді.

Бүгін біздің еліміз – бүкіл әлем қауымдастығы мойындап отырған тәуелсіз, Егемен мемлекетпіз. Қазақстанда бала еңбегі заңсыз деп танылып, оған тыйым салынған.

Балалардың балалық шағын қорғауы  Қазақстан Республикасының  Конституцияның 27-бабында жазылып кеткен:

  1. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады;
  2. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың етене құқығы әрі міндеті;
  3. Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті.

Қорытындылай келе, бала бақытты өмір сүруге, денсаулығын сақтауға, білім алуға, ойын ойнап, дем алуға біздің елімізде толық құқылы.

 

 

Б. Маратов

                                       Есіл ауданының №2 аудандық соты                                               

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 2

2 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив