«Жамбыл облысының Жуалы ауданында  Билер Кеңесі құрылды».

«Жамбыл облысының Жуалы ауданында Билер Кеңесі құрылды».

 

Жуалы ауданының әкімшілігінде бастамашыл топпен «Билер Кеңесін» құру бойынша отырыс өткізілді.  

Аталған отырысқа соттың төрағасы Б.И.Мүлкібаев, Жуалы ауданы әкімінің орынбасары Е.С.Жанабаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.А.Амамбеков, ардагерлер кеңесінің мүшелері К.Дауренов, С.Токбергенов, Р.Сатаев, А.Сейдалиев, Е.Абсалямов, аудан медиаторлары А.Дүрәліұлы, С.Тоқбергенов, У.Рахметов, М.Рахметов,  М.Нұрпеисов, К.Дауренов, А.Катымханов, ауыл ақсақалдары және БАҚ өкілдері қатысты.

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.А.Амамбеков отырысты ашып, «Билер Кеңесінің» құруының басты мақсаты дауларды істі сотқа дейін шешіп, қазір зейнетте жүрген мемлекеттік қызметте бұрын қызмет атқарған беделді тұлғалар «Билер Кеңесін» құрып, дауласқан азаматтарды бітімгершілікке келтіріп, бірталай қақтығыстарды сотқа дейін бейбітшілікпен шешуге болатын еді. Өткір сөзді меңгере алатын және жеткілікті беделді Билер Кеңесінің мүшелері, адамдар арасындағы дауларды дәстүрлі қөзқарастар негізінде шешуге көмектеседі - деп атап өтті.

Өз кезегінде аудандық соттың төрағасы Б.И.Мүлкібаев өз сөзінде, «Билер кеңесінің» тарихтағы дамуы мен қалыптасуы ежелгі көшпелі даланың жалғасы екенін, «Билер Кеңесі» көшпелі қазақ қоғамында маңызды сұрақтарды шешудегі органдардың бірі болған. Билер жеке дауларды шешуде шешім қабылдау кезінде әділдікті бірінші орынға қойған және қабылданған шешімге күмән келтірмей судьяның, прокурордың және қоғаушының бір бейнесін көрсеткен.

Әрі қарай, төрағалық етуші аталған отырыстың қатысушыларына «Билер Кеңесінің» мүшелігіне кандидаттыққа үміткерлер А.Дүрәліұлы, С.Тоқбергенов, М.Рахметовке дауыс беруге ұсыныс берді.

Қорытынды бойынша көпшіліктің дауысымен аталған кандидаттар бірауыздан қолдау тапты.

Отырыстың қорытындысы бойынша төрағалық етуші Е.А.Амамбеков ақсақалдарға ауылдарда сыйлы, ақылды қариялардан билерді тағайындауға тапсырма берді.

 

Жуалы аудандық сотының баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив