«Түнгі және виртуалды сот»   пилоттық жобалары талқыланды

«Түнгі және виртуалды сот» пилоттық жобалары талқыланды

Мұғалжар  аудандық сотында «Түнгі сот және Виртуалды сот» пилоттық жобасы бойынша семинар  өткізілді.  Шараға  сот төрағасы А.Т.Анарбаев, судья А.Е.Мусина, Н.Е.Кендирбаева және кеңсе меңгерушісі К.Ж.Килбаева қатысты.

Шара барысында сот төрағасы А.Т.Анарбаев  «Түнгі сот» пилоттық жобаның ең басты мақсаты - азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету, әкімшілік істер бойынша құжат айналымын жеңілдету, азаматтардың уақытын үнемдеу, яғни соттық дауларды жұмыстан кейінгі,  кешкі және түнгі уақытта қарау екендігіне тоқталып өтті.

«Түнгі сот» пилоттық жобасы жол-көлік оқиғасы, ұсақ бұзақылық және отбасы-тұрмыстық қатынас саласындағы істерді қарастыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, сот төрағасы А.Т.Анарбаев  сот жүйесінде «Виртуалды мобильдік сот» инновациялық технология енгізілгенін атап өтті. «Виртуалды сот» жобасын жүзеге асыру құқықтық сауаттылықты арттыруға, уақыт пен қаражатты үнемдеуге, сондай-ақ, сот төрелігінде инновациялық технологияларды қолдануды дамытуға бағытталған.  

Жоба аясында қылмыстық теріс қылық туралы істер, азаматтық, әкімшілік істер мен материалдар онлайн режимде қаралады. Бұл ретте судья сот процесін нақты уақыт режимінде өткізетін болады. Сот талқылауының қатысушыларына сотқа келу қажеттілігі жоқ, олар тек СМС хабарлама алғаннан кейін тұрғылықты жері бойынша әкімдік ғимаратына келсе болғаны. Ол жерде кезекші (әкімдік маманы) көрсетілген уақытта сотпен бейнеконференцбайланыс арқылы қосылды.

Шара соныңда  көрсетілген жобалар бойынша туындаған сұрақтар талқыланды.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив