Тергеу судьясының өкілеттіктері талқыланды

Тергеу судьясының өкілеттіктері талқыланды

Мұғалжар аудандық сотында «Тергеу судьясының өкілеттіктері» тақырыбына арналып дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға тергеу судьясы Н.Е.Кендирбаева, Мұғалжар аудандық және Қандыағаш көлік прокуратурасының, аудандық және желілік ішкі істер қызметкерлері қатысты.

Аталған іс-шараның мақсаты – тәжірибеде туындайтын проблемалық сұрақтарды анықтау және оларды  шешу жолдарын ұсыну.

Шара барысында тергеу судьясы Н.Е. Кендирбаева тергеу судьясының өкілеттігін жүзеге асыру кезінде туындайтын мәселелер, атап айтқанда, сотқа дейінгі тергеу барысы, кепілді қолдану, іздеу жариялау, күзетпен ұстау, сотқа дейінгі іс жүргізу барысында жәбірленуші мен куәнің айғақтарын сақтауға қою және т.б. өзекті мәселелерге тоқталып өтті.

Сонымен қатар, судья санкциялау бойынша материалдар мен өтінішхаттарды дайындау және оларды қарау кезінде қылмысты қудалау органдары да, сот органдары да қылмыстық-процестік заң талаптарын тыңғылықты сақтау қажеттілігіне назар аударды.

Іс-шара қорытындысы бойынша заңнама талаптарын мүлтіксіз орындау ұсынылды және сотта санкция материалдары бойынша  жадынама әзірленіп, олардың көшірмелері дөңгелек үстелге қатысушыларға таратылып берілді.

                                                                 

Мұғалжар аудандық соты

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив