Астана қалалық сотына Танзания елінің делегациясы ат басын тіреді

Астана қалалық сотына Танзания елінің делегациясы ат басын тіреді

 Астана қалалық сотына жұмыс барысымен Танзания республикасының судьяларынан құралған делегация келді.

 Делегацияны Танзанияның сот жүйесін басқарушысы Хусейн Каттанга мырза бастап келді, оның құрамына Танзания сот органдарының, Әділет министрлігінің, сот әкімшілігі институтының, сот төрелігін іске асыру мәселелері бойынша бөлімнің және сот жүйесі басқармасының мәселелерімен айналысатын лауазымды тұлғалары кірді.

Жұмыс барысы сот жүйесін жаңғырту және Дүниежүзілік банк қолдаған азаматтар үшін соттық қызмет түрін көрсету бойынша тәжірибе алмасуды қамтыды.

Сот төрелігі жүйесін жаңғыртуға негізделген жоспарлар мен жетістіктерге қатысты тәжірибе алмасу аясында шетелдік қонақтар Сарыарқа аудандық сотына да барып қайтты. Онда олар  сот төрелігін іске асыруды жақсарту мен қолжетімділікті кеңейтуға бағытталған сот реформасының жаңа тұжырымдамасымен, электронды сот төрелігінің жүйесімен және соттық инфрақұрылымның жаңғыруымен танысты.

Сондай-ақ, делегация ҚР Жоғарғы сотының құқық және тарих мұражайына барып қайтып, онда ежелгі дәуірден қазіргі күнге дейінгі отандық сот жүйесінің қалыптасуы мен дамуын бейнелейтін фото- және бейнематериалдармен танысты.

Кездесуді қорытындылай келе, қонақтар жылы лебіздер үшін алғыстарын білдірді.

 

Астана қалалық сотының баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив