Сот отырыстарын бейнеконференцбайланыс арқылы қашықтықтан өткізу

Сот отырыстарын бейнеконференцбайланыс арқылы қашықтықтан өткізу

 «100 нақты қадам» «Ұлт жоспарында» сот органдарына бекітілген тапсырмалар орындалып, жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану мүмкіндіктері артып келеді.

Заманауи технологияларды ендіру мен пайдалану сот жүйесінде сот ісін жүргізуді жеңілдетеді, бюрократиялық кедергілерді жойып, сот жүйесі қызметкерлерінің азаматтармен байланысын барынша азайтып, сыбайлас жемқорлықты төмендетуге ықпал етеді.

«Сот кабинеті» электронды сервисі іске қосылғанннан бері, қолданрушылар тиімділігі мен оңталылығын бағалауда.

Сонымен қатар, «барлық сот процестеріне дыбыс-бейне қондырғысын енгізу заң үстемдігін қамтамасыз ету «100 нақты  қадам» Ұлт жоспарының бірі болып табылады. Сонымен қатар, сот процестерінде дыбыс-бейнежазба қондырғысын қолдану және жазылған бейнематериалдарды көру сот процесінің мәдениеті мен қатысушылар тарапынан сотқа деген сенім деңгейін арттырады. Қазіргі уақытта Мұғалжар ауданының №2 аудандық соты 100 пайыз дыбыс-бейнежазба қондырғысымен жабдықталып, сот істері дыбыс-бейнежазба қондырғысын қолдану арқылы қаралуда.

Аудандық сотпен бейнеконференциялық байланыс арқылы істер қаралуда.  Бейнеконференциялық байланыс дегеніміз – екі немесе одан да көп қашықтықтағы абоненттердің интерактивтік өзара іс-қимыл жасауына арналған, олар арасында нақты уақыт ауқымында басқарушы деректерді ескере отырып, дыбыс-бейне ақпаратпен алмасу мүмкін болатын телекоммуникациялық технология болып табылады.

Бейнеконференциялық байланыс жүйесін қолданудың мақсаты болып: біріншіден, істерді қарау бойынша процестік мерзімдерді сақтау және азайту, екіншіден,  қамақта отырған сотталушының сот отырысына қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ету, үшіншіден, сот отырысына белгілі бір себептерге байланысты қатысу мүмкіндігі жоқ куәден, жәбірленушіден  жауап алу мүмкіндігін жүзеге асыру, төртіншіден, белгілі бір себептерге байланысты сот отырысына қатысу мүмкіндігі жоқ іске қатысушы тұлғалардың, олардың өкілдерінің, сонымен қатар куәлердің, сарапшылардың, мамандардың, аудармашылардың сот отырысына қатысуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, бейнеконференциялық байланыс арқылы істерді қарау, сот отырысына қатысушылардың уақыты мен қаражаты үнемдейді.

 

Г.Д.Джанглышбаева

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотының кеңсе бас маманы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив