Маңғыстаулық судьялар Парламент депутаттарымен кездесті

Маңғыстаулық судьялар Парламент депутаттарымен кездесті

Маңғыстау облыстық сотында Парламент Мәжілісінің депутаттары Евгений Козлов және  Михаил Чирковпен судьялардың кездесуі өтті.

Айта кету керек, Евгений Козлов 2008 жылдың мамырынан 2016 жылдың қаңтарына дейін Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьясы болып қызмет атқарған және ол соттарда цифрлық технологияларды кеңінен қолдану, халықтың сотқа деген сенімін барынша  арттыру,  сот талқылауының ашықтығын қамтамасыз ету жұмыстарына оң пікір білдірді. Сондай-ақ, заң шығару және қабылдаудың кейбір күрделі мәселелеріне тоқталып, судьялардың ұсыныстарын тыңдауға әзір екендігін жеткізді.

Кездесу барысында депутаттар Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауын түсіндірді.

Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Ержан Даулиев  кездесуді ашып, Жолдаудың басым бағыттарының бірі – заң үстемдігін қамтамасыз ету болып табылатынын айтып, сот жүйесінің 7 түйіні бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіліп жатқандығын тілге тиек етті.

Одан әрі Мәжіліс депутаттары Жолдауда тұрғын үй, шағын бизнес, жастар, ауыл шаруашылығы, құқық қор­ғау жүйесі секілді әлеуметтік жобаларды жаңғыртудың нақты жолдары көрсетілгеніне тоқталып, еліміздің игілігін көздейтін Елбасы Жолдаудының міндеттерін  орындауда белсенділік танытуға шақырды.

Кездесу соңында Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Ержан Даулиев Евгений Александрович пен Михайл Владимировичке мінсіз қызметі мен еселі еңбектері үшін алғыс білдіріп, сәттілік тіледі.

Маңғыстау облысына қызметтік сапармен келген депутаттар құқық қорғау органдары өкілдерімен, мемлекеттік және бюджет саласы қызметкерлерімен, сондай-ақ түрлі сала жұмысшыларымен кездесіп, Елбасы Жолдауы мен Ұлт жоспарын жүзеге асыру жолдарын түсіндірді.

 

Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив