Қылмыстық алқаның  төрағасы Жаңаөзен қалалық сотында көшпелі қабылдау өткізді

Қылмыстық алқаның төрағасы Жаңаөзен қалалық сотында көшпелі қабылдау өткізді

Ержан Қарабаев Жаңаөзен қалалық сотында жұмыс сапарымен болып, азаматтарды қабылдау өткізді.

Кездесу барысында  Ержан Қарабаев қалалық соттың  жұмысымен танысып,  қатысушыларға Ұлт Жоспарына сай сот құрылымының жаңа моделі құрылғанын, сот төрелігінің 7 түйіні, соттардағы заманауи технологиялар туралы айтты. Сондай-ақ, ол Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауындағы бизнес пен мемлекеттік құрылымдар арасындағы сот арқылы шешілетін дау-дамайды қарау кезінде түсінікті әрі болжамды сот тәжірибесі керектігін,  судьяларға заңсыз ықпал ету мүмкіндіктерін жою қажеттігін айтқандығын назарға алды. Мұның барлығы азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын сот арқылы қорғау саласын кеңейтетіндігі туралы түсіндірді.

Осыдан кейін алқа төрағасы түрлі мәселелермен сотқа келген азаматтарды қабылдады. Көшпелі қабылдауға келген өңір тұрғындары сот процестерінің ұйымдастырылу тәртібін, алимент өндіруге қатысты мәселелерін айтып, азаматтық-құқықтық қатынастар бойынша туындаған даулар, сондай-ақ, кейбір қылмыстық істерге байланысты сұрақтарын  қойды.

Көшпелі қабылдауға шалғай ауданнан арнайы келген тұрғындар да табылды. Олар сот отырыстарына, осындай көшпелі қабылдауларға  келе алмайтын ағайындардың сәлемін жеткізіп, ІТ-технологияның дамыған заманында сот процестеріне бейнебайланыс арқылы қатыссақ уақытымыз мен жолға жұмсар қаражатымызды үнемдер едік деген тілектерін жеткізді.

Ержан Қарабаев  қабылдау барысында келушілер қойған сұрақтарға тұщымды жауаптар мен түсіндірмелер берді.

Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы қатысушыларға сотта және сотқа дейін де татуласуға барлық жағдай жасалғанын, соттарда татуласу орталықтары мен құқықтық қызмет көрсету орталықтарының жұмыс жасайтындығын, Маңғыстауда «Түнгі сот», «Судья көмекшісі» пилоттық жобаларының іске қосылғанын атап өтіп, оларға белсенді қатысқандары үшін алғысын жеткізді.

 

Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив