Үн-бейне жазба құрылғыларын пайдалану жүйесі

Үн-бейне жазба құрылғыларын пайдалану жүйесі

Ұлт Көшбасшымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050 стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа арналған Жолдауында азаматтардың Конституция кепілдік беретін қорғалу құқығын сот арқылы жүзеге асыруы,  жаңа ақпараттық заманауи технологияларды белсенді енгізуі, сот төрелігінің сапалы және нәтежелі атқарылуына мүмкіндік беретін мәселелер шешімін табуы тиіс деген еді. Елбасымыздың осы тапсырмасына орай, қазіргі таңда облыс көлеміндегі соттарда сот төрелігіне қолжетімділік және сот отырыстарында дыбыс-бейнежазба құралдарын пайдалану арқылы істерді қарау жолға қойылған.  Оның дәлелі, облыс көлеміндегі соттардағы 40 сот залына арнайы дыбыс-бейнежазу қондырғылары орналастырылып, бұл мәселе 100 пайызға өз шешімін тапқандығы. Сот отырыстары дыбыс-бейнежазба қондырғылары арқылы өткізілетіндіктен, сот отырыс хатшыларының жұмыстары да әлдеқайда жеңілдеген.  Мұғалжар аудандық сотының  9 айының қортындысы бойынша дыбыс-бейнежазба қондырғылары арқылы 100  пайызды құрап отыр. Бұл дегенім,  қазіргі   заманғы ақпараттық  технологияларды қолдану соттар қызметінің қолжетімділік, ашықтық және тиімділік тәсілдерінің бірі болып табылады. Қазіргі таңда сот жүйесіндегі әрбір іске қосылған жаңа бағдарламаның, технологияның орны бөлек. Ең бастысы, заман талабына сай заманауи технологияларды сот жүйесіне енгізу қарапайым халықтың игілігі үшін.

 

Г.Шутеева

Мұғалжар аудандық сотының  бас маманы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив