Сот кабинетінің мүмкіндіктері

Сот кабинетінің мүмкіндіктері

Сот кабинеті азаматтарға сот органдарының электрондық сервистеріне бір терезеден қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

«Сот кабинеті» сервисі Қазақстан Республикасы сот органдарына арыздарды, өтініштерді, шағымдар мен өтінішхаттарды, сондай-ақ хаттарды жіберуге арналған. Осы сервис арқылы сот құжаттарын және істерді іздеуге, мемлекеттік бажды онлайн түрде төлеуге, істі қарау барысын қадағалауға, «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызметін ішінара алуға, «Талдау» форумына (сот практикасын қорыту) ауысуға болады.

«Сот кабинетінің» сервистерін пайдалану үшін сот ісіне қатысушы Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталықтың электрондық цифрлық қолтанбасын алып, «Сот кабинетіде» ЭЦҚ қолданумен тіркелу қажет.

Сервис келесі бөлімдерге бөлінген:

- Сот ісін жүргізу (талап арызды (арызды), апелляциялық/кассациялық шағымды, өтінішхатты, сот отырысы хаттамасына ескертпе, қарсы талап, пікір және т.б. беру);

- Өтініш беру;

- Сот органдарынан шығатан ресми құжаттарды апостильдеу;

- Сот істерін іздеу;

- Талдау форумы - сот практикасын қорыту.

«Сот кабинеті» сервисінің жаңа мобильдік қосымша функционалы іскі қосылғаны туралы:

iOS мобильдік платформасындағы «Сот кабинеті» мобильдік қосымшасы- iOS, Android және Windows Phone мобильдік платформаларында «Сот кабинеті» мобильдік  қосымшасы сервистерінің интерфейстерін сипаттайды.

Пайдаланушыларды мобильдік қосымшада тіркеу сервисінің Сот кабинеті веб нұсқасына қарағанда артықшылықтары бар. Пайдаланушыны тіркеу үдерісі үшін Сот кабинеті сервистерін қолдануға пайдаланушы келісіміне алдын ала қол қойып пайдаланушының ЖСН және ұялы телефон нөмерін көрсету жеткілікті. Пайдаланушы көрсеткен ұялы телефон нөмеріне смс арқылы қосымшада авторлану үшін құпия сөз келеді.

Қосымша сервистерінің қысқаша сипаттамасы

Жаңалықтар сервисі, істерді қарау тізімдері сервисі, нақты сот органы бойынша таңдап алу мүмкіндігімен тағайындалған сот отырыстары туралы ақпаратты (өткізу күнін, орнын және уақытын) онлайн режимде табуға мүмкіндік береді, тапсырылған құжаттар сервисі, қосымша пайдаланушысына мобильдік қондырғыға жүктеу мүмкіндігімен сот органдарына Сот кабинеті веб-сервисі арқылы жолданған барлық барлық құжаттарды көруге мүмкіндік береді; хабарлау сервисі, пайдаланушыға сот органдарына берген сот құжаттарының мәртебесінбақылап отыруға мүмкіндік береді; сот процесі қатысушыларының күнтізбесі сервис, күнтізбеге оқиғаларды қосуға, сондай-ақ сіз процесс қатысушысы болып табылатын сот отырыстары туралы мәліметтерді көрсетуге мүмкіндік береді.

Сонымен бірге, чат сервисі қосымша пайдаланушыларына мәтіндік хабарламалармен алмасуға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты интернет-ресурсының   «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі сот органдарының азаматтар мен ұйымдарға көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту мен мерзімін қысқарту болғандықтан, осы сервисті пайдалануға шақырамын.

Басқа да айта кететін жай, ол сервисті пайдаланушыларға «көмек» көрсету бағыты енгізілген, сот кабинетімен жұмыс бойынша нұсқаулық, сот кабинетімен жұмыс жөніндегі анықтама, «Сот кабинеті» мобильдік қосымшасының пайдаланушы нұсқаулығы , және «Пайдалы сілтемелері» сервисі ұсынылған, олар: «Әділет» ақпараттық құқықтықжүйесі, сот істерін қарау кестелері, талап арыздардың және басқа да өтініштердің үлгілері, мемлекеттік баж салығын есептеуге арналған калькуляторы бар.

 

Балабай Мейіржан   

  Есіл ауданының №2 аудандық сотының бас маманы           

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив