Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру өз қолымызда

Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру өз қолымызда

«Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тәжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз. Бұл – өзін қадірлейтін әрбір адам дербес шешуге тиіс міндет.»
                                                                                                                                                                          Н.Назарбаев

«Ана тілі – жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқындарын ұрпақтын-ұрпаққа жеткізіп сақтап отыратын қазына» деген Ж.Аймаутовтың әдімі сөздері еске түседі. Өз тілін, өз мәдениеті мен өзі туып өскен елдің тарихын білу әрбір адамның борышы.

 Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі Елбасымыз атап айтқандай, қазақ тілін дамыту саясаты одан жерінуге, тіпті қазақтардың өздерінің бойды аулағырақ ұстауына ықпал етпеуі керек. Керісінше, тіл Қазақстан халқын біріктіруші болуға тиіс. Бұл үшін тіл саясатын сауатты және дәйек­ті, қазақстандықтар сөйлесетін бірде-бір тілге қысым жасамай жүргізу керек. Бүгінгі таңда мемлекеттік тілдің дамуына жан-жақты қолдау көрсетіліп, қажеттілік артып келеді.

“Ұлттың тілі — сол ұлттың жаны, жан-дүниесі. Ол жүректі соқтыртып тұрған қан тамыры сияқты. Егерде қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма?”-деген Мұхтар Әуезовтың осы бір сөзі тіліміздің қаншалықты маңызды күретамырымыз екендігін көрсетеді. Қазіргі жаһандану кезеңінде еліміздің ақпараттық кеңістігін әлемдік стандарттарға сай кеңейте отырып, мемлекеттік тілді ұлттық қауіпсіздіктің маңызды бір нысаны ретінде жетілдіруді және қорғауды қамтамасыз еткеніміз абзал.

«Ана тілі-халықтың өткен ұрпағын, қазіргі және келешек ұрпағын тарихи бір тұтастық, мызғымас бірлік, ажырамас туыстық, жағдайда мәңгілік біріктіретін сенімді құрал. Ана тілі қанның, қиылған жанның, толқытқан көңілдің, лүпілдеген жүректің сығындысы, онда дәм де, мән де болу керек. (С.Торайғыров). Бірақ қазақ тілі - тек қазақ халқының тілі емес, мемлекеттік тіл ортақ тіліміз екенін ұмытпағанымыз жөн болар.

 

А.Кульманова  

Ақмола гарнизоны әскери сотының кеңсе меңгерушісі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив