ЭЛЕКТРОНДЫҚ СОТ ТӨРЕЛІГІ

ЭЛЕКТРОНДЫҚ СОТ ТӨРЕЛІГІ

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев ел судьяларының V съезінде сөйлеген сөзінде «Сот өндірісін жетілдіру инновациялық технологияларды кең көлемде қолданумен байланысты. Озық үлгідегі сот тәжірибесі - бұл қағаз түріндегі құжат айналымынан бас тартып, қазіргі заманғы сот процесінің базасына айналуы тиіс электронды технологияға көшу» екенін атап өтті. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында сот жүйесін ақпараттандырудың жалпы мәселелерін құқықтық реттейтін нормативтік- құқықтық база құрылған.

Қазіргі таңда елімізде іске қосылған «Сот кабинеті» сервисіне сот процесінің әрбір қатысушысы кіріп, процестің бейне- және аудиожазбаларымен таныса алады. 

 «Сот кабинеті» сервисі сот органдарының онлайн-қызметтеріне кірудің бірегей терезесі тәрізді. Ол алыс қашықтан-ақ электронды түрде өтінішхаттар, апелляциялық және кассациялық шағымдар жаза беруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мемлекеттік баж салығын төлеуге, істің қалай өтіп жатқандығын бақылап отыруға, сот құжаттары мен хабарламаларды жылдам алуға болады.  

 Электронды «Сотқа шақыру»  жылдам әрі үнемді бола түсті. Іс жүзінде, азаматтар талап арыздарды сотқа қағаз түрінде жазып беріп, қолдарына талон алады, келесі жолы оған істің өндіріске қабылданғаны туралы, сот ұйғарымдары шыққаны және т.б. туралы SMS-хабарламалар немесе электронды хаттар жіберіледі. Осының бәрі жылдам түрде, процеске қатысушылардың қаржысы мен уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді. 

«Гибридтік электронды пошта» жобасы «Қазпошта» АҚ-мен бірігіп жұмыс істеуде – яғни, электронды пішіндегі хабарлама оны алушының пошта бөлімшесіне жөнелтіледі, сол жерде қағаз түрінде шығарылып, алушыға жеткізіліп, қолына тапсырылады.  

Жедел ақпарат алмасудың озық технологиясы дамыған ХХІ ғасырда сотқа жүгінудің инновациялық тәсілдері іске қосылғандығын атап, Республика соттарында ақпараттық технологияларды белсенді түрде қолданудың нәтижесінде бұқараның басым бөлігі қағазбастылық пен соттардағы ұзын-сонар кезектен арылып, үйлерінен шықпай-ақ сот төрелігіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін заманауи жобалардың игілігін көріп отырғандығын, ең алдымен, бұл игі бастаманы Мемлекет басшысы судьялардың VI-съезінде көтергендігін, Президенттің осы тапсырмасын орындау мақсатында елімізде жүйелі жұмыстар жүргізіліп  жатқандығын, нәтижесінде еліміздің барлық соттарында арызды беру және тіркеу сатысынан бастап, заңды күшіне енген сот актісін орындауға жібергенге дейін сот ісін жүргізу процесі түгелдей дерлік электронды форматқа көшірілгендігін, Республикадағы барлық соттардың қызметі туралы үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) ақпарат ұсынатын Жоғарғы Соттың  www.sud.gov.kz  ресми веб-сайты азаматтардың сот қызметін электронды сервис арқылы алуына оңтайлы мүмкіндік туғызғандығын, осы сервистің арқасында электронды цифрлық қолтаңбаға ие азаматтар қазіргі таңда үйінен немесе кеңседен шықпай-ақ сотқа талап арыз, шағым, өтініш, пікір немесе қарсы талап арызды электронды түрде беріп, мемлекеттік баж салығын онлайн режимде төлеуге болатындығын, электронды сот төрелігін дамыту бойынша Жоғарғы Соттың бүгінгі ілкімді бастамаларының келешегі зор және бұл бағыттағы жүйелі жұмыс Елбасы Жолдауы негізінде іске асырылып жатқан «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының мазмұнымен толық үйлесім тауып отырғандығын атағым келіп отыр.

 

 

Г.Ж.Курбанова

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотыныңсот отырысының хатшысы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив