Сот шешімдерінің басқа елдерде орындалу үрдісі

Сот шешімдерінің басқа елдерде орындалу үрдісі

Көптеген жағдайда шешімдердің борышкерлердің мүлкінің, тұрғылықты жерінің жоқтығынан, мүлкі басқа елде тіркелгендіктен, басқа елге қоныс аударып, осындай жағдайда орындалмай немесе орындалуы ұзаққа созылып жатады. Осындай жағдайда сот шешімдерін орындау үшін жері бойынша, немесе мүлкі тіркелген жері бойынша, егерде басқа елде тіркелген болса халықаралық шарттар негізінде басқа елдің құзырлы соттарына өтініштер жолданып жатады. Ол үшін сол елмен Қазақстан Республикасы арасында келісім болса болғаны.

Қазақстан Республикасымен көптеген елдер арасында азаматтық, әкімшілік, қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы келісімдер құрылған. Оның ішінде Кишинев, Минск конвенциялары секілді көпжақтылы келісімдер бар.

Соттар белгілі бір мән-жайлар, әділдік пен жалпы қоғам мүдделері негізінде құқықтық көмек көрсетеді.

Сондай-ақ, сот шешімдерін орындау үшін және сот тапсырмаларын басқа елге жолдау кезінде, сол елмен Қазақстан арасында ешқандай келісім болмаса, сондай-ақ ол ел Гаага конвенциясының қатысушысы болмаған жағдайда соттың құжаттарына апостиль қойылуы қажет.

Қазіргі күнде, соттармен алимент өндіру туралы көптеген шешімдерді орындау туралы өтінішхаттар Ресей, Түркия, Украина елдеріне мәжбүрлі түрде орындау үшін жолдануда. Бұндай сот шешімдері алимент төлеуден жалтарып, шет мемлекеттерде өмір сүріп жатқан ата-аналарға қатысты.

Сонымен қатар, шетелде сот шешімдерін орындау қажеттілігі көптеген кәсіпкерлік даулармен байланысты. Оның маңыздысы, сот шешімі тек шетелдік кәсіпкерлердің пайдасына емес, сонымен қатаротандық кәсіпкерлердің пайдасынашешіледі.

Сот шешімінің басқа елде орындалуы қаншалықты маңызды?

Сот шешімін орындауды интернационалдау туралы мәселені қалыптастыру құқықтық жүйелердің жақындасу үрдістеріне, дауларды шешудің жалпыға бірдей ең төменгі стандарттарына және сот процесіне қатысушылардың құқықтарын қамтамасыз етуге байланысты екендігін атап өткен жөн.

Сонымен қатар, әртүрлі елдердің экономикалық айналымның тұтастығын одан әрі нығайту, атап айтқанда, келісімшарттық қарым-қатынастарын нығайтуға әкеледі, бұл сөзсіз шет мемлекеттің аумағында орындауды талап ететін сот шешімдерінің санын көбейтеді.

Негізінде, шетелдік сот шешімін орындау мүмкіндігі тікелей халықаралық шарт жасасу фактісіне байланысты болады. Халықаралық шарт болмаған жағдайда құқықтық көмек көрсету үшін құзыретті органдармен ынтымақтастық халықаралық құқықта көзделген өзара қарым-қатынас қағидаты негізінде жүзеге асырылады.

Бұл ретте, белгілі бір мемлекеттің халықаралық шартының жоқтығы шетелдік сот шешімдерінің орындалуына жол бермеуі тиіс.

Басқа елден келетін сот тапсырмалары мен өтініштердің саны да күн санап артуда.

Статистикаға сүйенсек, ағымдағы жылдың 1-ші жартыжылдығында Астана қаласының соттарына шетелден құқықтық көмек көрсету туралы сот тапсырмалар мен өтініштер Ресей Федерациясынан; Украинадан, Беларусь Республикасынан; Германия Федеративтік Республикасынан; Республикасынан; Швециядан;  Нидерланды елінен;  Түрік елінен; Татарстан Республикасынан; Бельгиядан; Австриядан; Франциядан; Латвиядан; Италиядан 98 сот тапсырмалары келіп түсті. Оның ішінде 54-і Ресей Федерациясынан келіп түскен, яғни 55% құрап отыр.

Ал, Астана қаласының соттарымен сот шешімін орындау туралы 11 өтініш, 15 сот үкімі мәлімет үшін Өзбекістан Республикасына; Қырқызстан Республикасына; Ресей Федерациясына; Тәжікстан Республикасына; Грузияға; Арменияға; Германияға; Украинаға; Қытай Халық Республикасына; Әзірбайжанға жолданған.

Сонымен қатар, құқықтық көмек көрсету туралы өтініштерді орындау кезінде сұрау салынатын мекеме өз елінің заңнамасын қолданады.

Шетел мемлекетінің аумағында соттың алимент өндіру және басқа да шешімдерін орындау туралы өтініш беру үшін мыналар қажет: сот шешімін тану және оны мәжбүрлі түрде орындау туралы өтініш; соттың заңды күшіне енгені туралы шешімі; Қазақастан Республикасының аумағында орындалмағаны туралы соттың анықтамасы; шешімнің жартылай орындалуын растайтын құжат; сотқа қатыспаған борышкер сот отырысына тиісті түрде шақырылғаны туралы құжат.

Өтінішке мыналар көрсетіледі: борышкердің нақты тұрғылықты жері, оның толық дербес деректері, барлық құжаттары (өзі туралы шешімнің көшірмесі, өтініш берушінің жеке куәлігінің көшірмесі, баланың туу туралы куәліктің көшірмесі, өтініш беруші сондай-ақ өзінің тұрақты тұрғылықты жері, банк шотының деректемелері, ол үшін осы соманы аудару қажет және осы шешімнің орындалуына байланысты басқа да қажетті құжаттар.

Сонымен қатар мынадай жағдайда сот шешімін қабылдаудан бас тартылады: сот шешімі заңды күшіне енбеген болса; жауапкер сот отырысына қатысу туралы тиісті түрде хабарланбаса; сол тараптардың арасындағы, сол мәселе бойынша және сол негізде, Уағдаласушы тараптың аумағында шешімді тану және орындау туралы шешім қабылданған жағдайда, күшіне енетін шешім немесе үшінші мемлекеттің сотының танылған шешімі жарияланған немесе егер Уағдаласушы тарап бұрын бұл істі қараған болса; сол мекеменің құзіретіне жатпайтын болса; шарттық юрисдикция туралы тараптардың келісімін растайтын құжат жоқ болса; мәжбүрлі түрде орындау мерзімі өткен болса.

 

Талдау және жоспарлау бөлімінің бас маманы Ергеш Гүлжамал

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив