Қазақ тілі — қазақ халқының басты құндылығы

Қазақ тілі — қазақ халқының басты құндылығы

Қазақ тілі - әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай, келбетті тілдердің бірі. Қазақ тілі қазақ халқының ана тілі. Туған тілге деген құрмет пен сүйіспеншілік бала кезден басталуы керек. Айналада адамдарға, өзіңнің өскен ортаңа, Отанға деген ерекше сезім мен көзқарас та туған тіліңді білуден басталады. Тіл – халықтың рухани, мәдени байлығының дамуының құралы.Рухани құндылығымыз ретінде түркілік тамырымыздан тарап, қанымызда қалған қазақы қасиеттеріміз, дін исламмен долайласқан дәстүрлік дағдыларымызбен тіліміз — тіршілігіміздің тынысы әрі тілге тұтарлық тұғырымыз болмақ.  Енді осы тұғырымызды тұмандатпай, тұмшаламай, тұнығымызды лайламауымыз лазым. Сол лазымдардың ішіндегі «лауазымы биігі» тіл десек  теріс болмас. Өйткені, ұлтты ұйытар ұлағаттардың ұлысы — тіл. Әлбетте, қазақ тілі. Қазақтың біртуар ақыны М.Жұмабаев: “Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыс тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады” - деген. Тіл байлығы - әрбір ұлттың мақтанышы. Әр азамат өзінің ана тілін, көзінің қарашығындай қарауы және ана тілінің орынсыз шұбарлануына қарсы тұруға тиісті.

Елбасымыз Н. Ә Назарбаев «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде» деген сөзі түсінген адамға көп мағына жатыр. Тілдің көмегімен өнер – білімді, ғылымды игереміз, өткен – кеткенімізді саралап, сабақ аламыз. Біз өз тілімізді құрметтей отырып, дініміз бен салт дәстүрімізге, тарихымызға көптеп үңілетін болсақ және оны өзіміз танып қана қоймай, сол асыл қазынамызды әлемге танытсақ келешек ұрпақ үшін көп жұмыс атқарған болып саналамыз.

Қазақ халқы өзінің шешендігімен шеберлік және даналығымен ерекшеленеді. өйткені мақал – мәтелдердің мағынасына зер салып көрсек, бір шындықтың нышаны білінеді.  Ертеде билер мен шешендер ел – елдің дауын майда тілмен шеше білген. Оның айғағы «Сөз сүйектен өтеді, таяқ еттен өтеді» деген мақалдың астарын бақылайықшы. Яғни, баланы ұрып, ұрсып айтпай –ақ, ойланып, дұрыс сөйлеп оның зердесіне жетуге болады.

Қазіргі күн – біздің басымызға бақ қонған күн. Тәуелсіздіктің арқасында қазақ халқы көптеген елеулі істерге қол жеткізді. Соның ішінде біз мақтанып айтатындай қазақ тілі мемлекеттік тіл болып жарияланды. Ендеше, осы тіліміздің болашағы бұлыңғыр болмау үшін Қазақстандық әр азамат өз үлесін қосуы керек.

Қазіргі көп ұлтты, жан –жақты дамыған мемлекетімізде заман талабына сай көп тілді меңгеріп, білімнің қыр – сырын терең игере жүріп, өз тіліміз – қазақ тілің сақталып, әрі қарай дамып, шарықтауына атсалысайық!

                                              

 Ақтау гарнизоны әскери

 сотының жетекші маманы

Қалкенов Ермұрат

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 3

2 пікір

  1. аватар
    Jennie 3 ноября 2023 20:10

    I'm not certain where you are getting your information, however great topic.
    I must spend a while studying much more or
    working out more. Thanks for great information I used to be in search of this info for my mission.

    Here is my blog post ... Thao

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив