Алаяқтық қылмыспен күресу және оның алдын алу

Алаяқтық қылмыспен күресу және оның алдын алу

Қазіргі таңда сот практикасында көбінесе алаяқтық арқылы бөтеннің  мүлкін заңсыз айналдыру жалақы, жәрдемақы, зейнетақы және тағы басқа төлеумен айналысатын әртүрлі қоғамдық және мемлекеттік органдарда жасалатынын көрсетті.

 Алаяқтық Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190 бабына сәйкес - бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлікке құқықты иемдену. Ол үшін қылмыскер алдау-арбау амалдарын қолданады немесе басқаның сеніміне кіріп алып, қастық жасайды. Бұл арада мынаны еске алу керек, алдау және сенімге кіру жолымен басқа да қылмыстар жасалуы мүмкін, бірақ олар басқа қылмыстық-құқықтық нормалар бойынша қарастырылады. Алаяқтық әрекеттерінің әрбір жағдайында істің мәнісін жан-жақты қарастырып, оған ұқсас қылмыстардан ажырата білу қажет. Қылмыстық жауапқа тарту және айыпты деп тану үшін сол әрекеттерде қылмыс құрамының болған-болмағаның анықтап алу қажет. Мұның өзі қылмыстық заңда қылмыстық жауапкершілікке тартуға бірден-бір негіз болып табылады.

Алаяқтық жағдайында ақша қол сұғушылықтың басты заты болып табылады. Ақшаны заңсыз алу үшін қылмыскер әдетте болашақ жәбірленушіге шын мәнінде орын алған тәрізді оқиғалар мен жағдайлар туралы, немесе іс жүзінде орын алғанымен, бұрмаланған деректер туралы мағлұмат береді. Осы мақсатпен көбінесе өте қу амалдар қолданылады.  

Алаяқтық бөтеннің  мүлкін заңсыз айналдырудың ішінде  жалған құжаттар арқылы алдау әдісі көп қолданылады. Жалған құжаттарды беріп отырып, алаяқ оған бөтен мүлікті алуға құқық беретін тәрізді алдамшы фактілерді немесе жағдайлардың бар екендігін растайды. Сөйтіп, ол иелігінде мүлкі бар адамды шатастырады.

Алдау арқылы қылмыскердің оған ақшаның, мүліктің және т.б. өз еркімен берілуіне қол жеткізетіні  осы қылмыстың ең негізгі және өзіне тән қасиеті болып табылады. Айналасындағы адамдарға алаяқ адал болып көрінеді. Сырттай әдепті болып көрінуі оған тыныш өмір сүруге көмектеседі. Алаяқтықтың зияндылығы да осында.

Сөйтіп, алаяқтық алдау деп өзге тұлғаның шындыққа қатысты ойының шатасуына алып келген ақиқатты бұрмалауды я шындық жайлы айтпай қалуды түсіну керек.  Өзге тұлғаның шындыққа қатысты ойының шатасуына алып келмеген ақиқатты бұрмалау я шындық жайлы айтпай қалу – алдауға қастандық болып саналады, яғни аяғына дейін жеткізілмеген, толық емес.

Алаяқтық кезіндегі алдау мазмұны алаяқтық жасамақ тұлғаның әртүрлі жағдайларға байланысты шындықты бұрмалауы я оны айтпай қалуы.

Алаяқтық кезіндегі алдаудың мазмұнын әртүрлі, жәбірленушінің ойын шатастыра отырып алаяқтың шындықты бұрмалауына я айтпай қалуына қатысты, жағдайлар құрайды. Алдаудың мазмұны қылмысты талдауға, атап айтқанда алаяқтықты, еш әсері жоқ, алайда алаяқтық алдауды тіркеуге маңызды болуы мүмкін, атап айтқанда алдауға жатпайтын әрекеттерден бөле қарау үшін, сонымен қатар алдаудың басталған уақыттын және сәйкесінше алдауға дайындықты, алдауға қастандықты және алдау соңын бөліп қарастыру үшін. Сонымен қатар, уақытылы алдау мазмұны жайлы хабардар болған алдаудың бастапқы кезеңінде анықтап, алдаумен байланысты қылмыстың сақтандыруға мүмкіндік береді.

Алаяқтыққа кінәлі тұлға жәбірленушінің мүлкін иелену, пайдалану және билік ету мақсатын көздейді. Қылмыскер әрине, бұл мүлікке меншік құқығын иеленбейді.

Мемлекетіміздің қолданылып жүрген қылмыстық заңында меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылыққа  тиісті баға берілген, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 6 тарауында мемлекеттік және жеке меншікке қарсы қастандық қылмыстары үшін жауапкершілік тағайындалған. Олардың ішінде, меншікке қарсы қылмыстық қастандықтың кең таралған түрлерінің бірі ретінде, алаяқтық ерекше орын алады.

Соттағы ең көп таралған қылмыстар қатарына жататын меншікке қастандық жасау жекелеген азаматтар үшін ғана емес, жалпы бүкіл қоғам үшін елеулі қауіп тудырады. Меншікке қарсы қылмыстар экономикалық жүйенің негізі – меншікке қастандық жасайды. Объективті түрде олар қоғамның экономикалық саласына зиян келтіреді, мемлекеттің экономикалық дамуын тоқтатады, тұрақтылықты бұзады, азаматтардың өміріне жағымсыз әсер тигізеді.

Алаяқтықтың қылмыс екенін жұрттың бәрі біледі, бірақ, бұл қылмыспен күрестің көкейкестілігін әркім түсіне бермейді. Сондықтан, қоғам дамуының қазіргі жағдайында бұл қылмысты тереңірек зерттеу қажет. Ең маңыздысы, алаяқтықты басқа ұқсас қылмыстардан бөліп алып, дұрыс бағалау жөнінде әркім өз пікірін айтуы қажет деп есептейміз.

 

А.С. Исаева

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотының судьясы

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив