Сот жүйесіндегі ақпараттық технологиялар

Сот жүйесіндегі ақпараттық технологиялар

Уақыт өте ақпараттық технологиялар өмірдің әр саласында өте маңызды рөлге көшіп жатыр. Билік пен халық арасында байланыс осы жаңа технологиялар арқасында жаңа қарқынмен дамып келеді.

Ал соңғы төрт жылда сот жүйесінде жасалып жатқан ауқымды жұмыстар мен олардың нәтижесі осы айтылған сөзіміздің шынайы айғағы деп атауға болады.

 Еліміздің ата заңында Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық делінген, демек осы халықтың тез арада заңды тұрғыда өзіне қажетті мәліметтерге электронды ақпараттық технологиялардың көмегімен қол жеткізуінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының бастамасымен қазіргі таңда нәтижелі жұмыстар өз жемісін беруде.

Негізінен сот жүйесін дамыту Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарынан бастау алды. Осы аталған Ұлт жоспардың 11 қадамы сот жүйесіне арналып қазіргі таңда оның барлығы жүзеге асырылған. Атап айтсақ,  осы ұлттық жоспарға сәйкес сот жүйесі жұмысын халыққа қолжетімді ету және оның ашықтығын қамтамасыз ету үшін сот отырысы залдары қазіргі таңда елімізде 100 пайыз дыбыс-бейне жазба жүйесімен қамтылды.

Сонымен қатар, бейнеконференцбайланысы арқылы сот төрелігін жүзеге асыру мүмкіндігі пайда болды. Яғни, процесске қатысушылар сот отырысы болып жатқан жерден қашықтықта қатысуға мүмкіндігі бар. Бұл тиісінше азматтардың уақыты мен қаражаттарын үнемдеуге үлкен септігін тигізеді.

Сот жүйесі жұмысын оңтайландыру, сот төрелігін жеңілдету мақсатында «Сот кабинеті» сервисі іске қосылды. Бұл сервис азаматтардың арыз-шағымдарын қашықтықтан беруіне және сот процесіне қатысушылардың іс жүргізу кезінде шығарылған шешімдермен, қаулылармен, сот ұйғарымдарымен және басқа да қажетті ақпараттармен танысуға  мүмкіндік беріп, қыруар мемлекет қаражатын үнемдеуге септігін тигізді.

Сондай бүгінгі заман талабына сәйкес сот жүйесі электронды құжат айналымға көшіп отыр, оның бір белгісі ретінде 2015 жылы іске қосылған «Төрелік» ақпараттық жүйесін атауға болады. Сот жүйесінде күнделікті жүргізілетін жұмыстар осы жүйе арқылы өтеді. Осы жүйенің артықшылығы,  басқа мемлекеттік органдармен ақпарат алмасуға қолайлы, жүйені пайдаланушыларға тіркеу рәсімі жеңілдетілген, ақпарат алу жүйесі жеделдетілген, сондай-ақ сот қызметкерлерін қағазбастылықтан босатады.

Жоғарыда көрсетілген электронды ақпараттық технологиялар халыктың уақытымен қаражатын үнемдеуге септігін тигізеді, сот жүйесінің ашықтығына мүмкіндеі береді.

 

 

Қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық әскери

сотының бас маманы Д.С Мыңбай

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив