Мемлекеттік тілге құрмет көрсету әрбір азаматтың азаматтық борышы

Мемлекеттік тілге құрмет көрсету әрбір азаматтың азаматтық борышы

Тәуелсіздік тірегі – мемлекеттік тіл.

Анамыздың ақ сүтімен бойымызға

дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл

ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту.

Б.Момышұлы

 

Тіл- мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі. Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі, тіл – халықтың жаны, ұлттық болмысы.

Тіл әрбір азаматқа ана сүтімен беріліп қалыптасады. Ана сүтімен бойға енген қасиеттер туған тілдің арқасында дамиды. Туған тілге деген құрмет пен сүйіспеншілік бала кезден басталуы керек. Айналада адамдарға, өзіңнің өскен ортаңа, Отанға деген ерекше сезім мен көзқарас та туған тіліңді білуден басталады.

Тіл – тәуелсіздіктің айғағы. Тіл мен егемендік егіз ұғым. Тілсіз- тәуелсіздік, егемендіксіз- тіл болмақ емес. Тіл – тәуелсіздіктің қуатты тірегі, бірлік пен ынтымақтың жығылмас туы. Қазақ елі тәуелсіз мемлекет болып орнағалы ширек ғасырға таяу уақыт болды. Сол кезден бастап, м емлекеттік тілі –  қазақ тілі деп жарияланды.

Қазақ тілі — әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай, келбетті тілдердің бірі. Қазақ тілі қазақ халқының ана тілі.

Тіл қай елде, ұлтта болсын қастерлі, қасиетті, құдыретті.

Бұл тұста Елбасымыз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақтың болашағы – қазақ тілінде», – деп алдымызға айқын жол ашып берді. Бізге тек осы ұстанымды жүзеге асыруға бар күш-жігерді аямай, еңбек ету ғана қалды. Тәуелсіз Қазақстанның болашағы – біз, яғни, қазақ жастары. Демек, біздің міндетіміз – қазақ тілінің мәртебесін асыру болмақ.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі Елбасымыз атап айтқандай, «барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы» екендігін  әрқашан есте сақтауымыз керек. Тәуелсіздік алғалы бері тіл саясаты жүргізілуде.  Бүгінгі таңда мемлекеттік тілдің дамуына жан-жақты қолдау көрсетіліп, қажеттілік артып келеді. Сонымен қатар, мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілді дамыту бойынша біршама жұмыстар жүйелі түрде атқарылып жатыр. Барлық дерлік мемлекеттік органдарында іс-қағаздары мемлекеттік тілге көшіріле бастады. Қазақ тілінде  шығатын бұқаралық ақпарат құралдардың саны арта түсуде.

Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мен тілге деген құрметті арттыру мақсатында көптеген мемлекеттік бағдарламалар мен іс – шаралар ұйымдастырылуда. Нәтижелері де аз емес. Алайда жастар арасында, кейбір мекемелерде қазақ тілінің жайы ақсап тұр. Соны көріп жүрегің қан жылайды. Бір жағынан, әлі күнге дейін орыс тілінің ырқынан шыға алмай жүргендігімізден болар. Расында, қазақ халқының басында талай қиын нәубет, зұлматтың, қайғылы күндердің болғаны тарихтан белгілі. Еліміз жетпіс жылдай Кеңес Одағының қарамағында болды. Ата – анамыз орыс тілін ұлықтады. Қазақ халқы өзінің тілін, ділін, тіпті салт-дәстүрін ұмытардай халге жетті. Дегенмен «сабақты ине сәтімен» деген. Еліміз сан ғасыр аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізді. Тіліміздің түп тамырымен жойылып кетпегеніне шүкіршілік етуіміз керек тәрізді. Сондай ауыр сәттерде, сын сағаттарда атамекен қонысын тастап босқан халықтың өзімен бірге алып жүрген байлығы – ана сүтімен санасына  дарыған ана тілі ғана.

Мемлекеттік тіл болып танылатын қазақ тілінің дамуы мен болашағы  Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жолдауында мемлекетіміздің өркендеп дамуында маңызы зор екендігін көрсетті. Осы мақсатта әскери соттарда мемлекеттік тілдің сот өндірісінде қолдану аясын кеңейту үшін аумақтағы жергілікті билік өкілдері мен әскери басқару органдары және әскери бөлім басшылықтарымен бірлесе отырып, мемелекеттік тіл саясатын іске асыруға бағытталған ауқымды шаралар ұйымдастырылып тұрады. Сонымен бірге, қызметкерлерге мемлекеттік тілді үйрету сабақтары жоспарлы түрде ұйымдастырылады. Соттағы шығыс және ішкі құжаттар 100 пайыз мемлекеттік  тілде жүргізіледі.

Өзіміз білетіндей, бүгінде Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданып, бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл бағдарламаның орындалуына үлес қосу әрбір мемлекеттік қызметшінің ғана емес, барша қазақстандықтардың парызы. Мемлекеттік бағдарламаның басты стратегиялық мақсаты- Қазақстанда тұратын барлық ұлттардың тілін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың маңызды факторы ретінде саналатын мемлекеттік тілді батыл қолданысқа енгізіп, қазақстандықтардың өмірлік қажетіне айналдыру.

 «Ана тілі-халықтың өткен ұрпағын, қазіргі және келешек ұрпағын тарихи бір тұтастық, мызғымас бірлік, ажырамас туыстық, жағдайда мәңгілік біріктіретін сенімді құрал. Ана тіліміз арқылы ғана біз халқымызды, Отанымызды танып білеміз,
халық рухының сарқылмас бастауы да сонда жатыр.
Ел-жұртымызды, туған жерімізді оның өзен - көлдерін,
оның бораны мен нажағайын ана тіліміз арқылы ғана қабылдап, соларға деген перзенттік махаббатымызды ана тіліміз арқылы жеткіземіз» деген
К.Ушинскийдің сөзімен қорытылағым келеді. Қазақ тілі - мәңгілік елдің мәңгілік тілі болсын!

Ана тілі – ананың ақ сүтімен әр қазақ баласының бойына сіңген тіл емеспе еді. Ана тіліміз арқылы ғана біз халқымызды, Отанымызды танып білеміз. Әр адамның азаматтық қасиеті – өз халқын, өзінің атамекенін қалай сүюімен, өз ана тілін қалай білуімен өлшенбек. Әркімнің тілге деген құрметін өз анасына, өз ұлтына, өз Отанына деген құрметінен білуге болады. Өз ана тілін ұмытқан адам – өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.

Қазақ тілін мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеруге әр қазақ өз үлесін қосу керек.

Өзгенің құлы емес өз еліміздің ұл – қызы болайық, өзгенің емес,өз еліміздің тілін ұлықтап, мәртебесін асырайық!

 

Ақмола гарнизоны әскери                                                

сотының жетекші маманы Ж.Шайхыстан

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

11 пікір

  1. аватар
    Mitchell 18 сентября 2023 00:17

    What i do not understood is actually how you're not
    really a lot more well-preferred than you might be now.
    You are so intelligent. You understand thus considerably in terms of this subject, made me in my opinion believe it from so many varied angles.
    Its like men and women aren't involved until it's one thing to accomplish with Girl gaga!
    Your own stuffs nice. Always maintain it up!

    my website Ahmed

  2. аватар
    King 2 декабря 2023 08:26

    Do you have a spam issue on this website; I also am a blogger, and I was curious
    about your situation; we have developed some nice procedures and we are
    looking to exchange solutions with other folks, please shoot me an e-mail if
    interested.

    Here is my web page - prijzen van flotina
    in Marokko

  3. аватар
    Marisol 2 декабря 2023 23:15

    Have you ever thought about including a little bit more than just your articles?
    I mean, what you say is important and everything. But think of if you added
    some great images or videos to give your posts more, "pop"!
    Your content is excellent but with pics and video clips,
    this website could certainly be one of the best in its field.
    Excellent blog!

    Here is my homepage compra de cleocin en México

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив