Сыбайлас жемқорлықты құқық бұзушылықтардың алдын алу және сот жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру

Сыбайлас жемқорлықты құқық бұзушылықтардың алдын алу және сот жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру

Сыбайлас жемқорлық қазіргі заманғы кез келген мемлекеттің, қоғамның аса бір көкейкесті мәселелерінің бірі. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік негіздерді іштей күйретіп, экономикаға нұқсан келтіреді. Әлемдік қоғамдастық көзінде мемлекеттің имиджіне кері әсер етеді.  

Ең қиыны сыбайлас жемқорлық халықтың сотқа,билікке деген сенімін жояды, ерікті демократиялық қоғам құру жолындағы оның күллі шешімдерін жоққа шығарады.  Бұл кеселмен күресу үшін Қазақстандағы барша халықтың ерік жігері, сондай-ақ еліміздегі әрбір азаматтың түбегейлі ой ұстанымы қажет.

Бүгінгі таңда     «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңыны мемлекеттік органдардың жұмысының нәтижелігін арттыру жолымен, қоғам өміріннің барлық саласындағы сыбайлас жемқорлықтың деңгейінің төмендеуіне бағытталған мемлекеттік программалар іске асырлып жатыр.

Мысалы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтың Басты мақсаты – халық арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды түсіндіру мақсатында аудан, қалаларға шығу, соның ішінде, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады. «Мобильді топ» өз қызметінде қолданылатын нысаналы индикаторлары ретінде - мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын жақсарту,қоғамның мемлекеттік билік институттарына сенімін,халықтың құқықтық мәдениетінің деңгейін анықтау, мемлекеттік қызметтер көрсетілетін орындарда жедел түрде азаматтарды қабылдауды жүзеге асыруды белгіледі.

Елбасы жыл сайынғы халыққа Жолдауында бесінші басымдықты – институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты саясатты анықтап, сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты екендігін атап өтті.

Қызметкердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мынаны көздейді:

– сыбайлас жемқорлықтың мәні, оның мазмұны, мақсаттары, субъек- тілері, нысандары мен түрлері, іске асыру салалары, қоғам өмірінің барлық саласында көріну ерекшеліктері туралы түсінік;

– моральдық-адамгершілік, этикалық мәдениетті тәрбиелеу;

– құқықтық сауаттылық негіздерін қалыптастыру;

– қоғам мүшелерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық уәжін ынталандыру;

– мүдделер қақтығысының барлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру.

Бұл ахуалды түзеу үшін судьялар мен сот қызметкерлері арасында кең ауқымды түсіндіру жұмысы жасау керек. Сыбайлас жемқорлықты түп-тамырымен жоюға бағытталған,  жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру және алдын алу шараларын күшейту қажеттігін түсіне отырып, елде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы сот жүйесінің рөлі аса маңызды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейі қалыптасып, қоғам мен мемлекет арасында тығыз байланыс орнаған жағдайда ғана сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес нәтижелі болады.

Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.

 

Ішкі қауіпсіздік және соттардағы

сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу

бөлімінің басшысы                                                                  

Н.Маликұлы

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

7 пікір

  1. аватар
    Cathryn 26 августа 2023 23:57

    Just desire to say your article is as astounding.
    The clearness to your publish is just spectacular and i could suppose
    you are an expert in this subject. Fine along with your permission let
    me to seize your RSS feed to stay up to date with forthcoming post.
    Thank you a million and please carry on the gratifying
    work.

    Also visit my website; Elvia

  2. аватар
    Niklas 27 августа 2023 13:26

    I've been surfing on-line more than three hours lately, yet
    I never found any fascinating article like yours. It's beautiful value sufficient for me.
    In my opinion, if all website owners and bloggers made just right content material as you probably did, the net can be much more helpful
    than ever before.

    Also visit my blog post: apotheek die allegra verkoopt

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив