Сот кабинетінің мүмкіндіктері

Сот кабинетінің мүмкіндіктері

Қазіргі таңда сот жүйесін жетілдіру мақсатында көптеген жаңашылдықтар орын алуда. Оның бір дәлелі «Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервисі.

Аталмыш сервис 2014 жылғы 11 тамызда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының №380 өкімімен бекітілген. Ол жеке тұлғаларға және олардың өкілдеріне, заңды тұлғалардың өкілдеріне құжаттарды электронды түрде сотқа ұсынуға мүмкіндік береді.

 «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі сот жүйесі органдарының қызметіне қол жеткізудің бірыңғай терезесі бола отырып, сот органдары мен халықтың өзара әрекеттестігі бойынша оң нәтиже беруде. Аталмыш сервис сот жүйесінің жеделдігі, қолжетімділігі мен ашықтығының көрінісі деп пайымдасақ қателеспейміз.

Аталмыш сервистің жұртшылыққа одан бетер жақын болуы мақсатында қазіргі таңда «Сот кабинеті» сервисінің мобильді құрылғысы іске қосылды. Бұл қосымшаға тіркелген тұлға сот жүйесіндегі жаңалықтармен танысу, онлайн түрінде тағайындалған сот отырысы туралы ақпараттар алу және сот органына жолданған сот құжаттарының мән-жайын бақылау, хабарлама арқылы мәтіндермен алмасу мүмкіншіліктеріне ие.

Айта кететін жайт, «Сот кабинеті» мобильді қосымшасын еңгізу заң басшылығын қамтамасыз ету бөлігі бойынша «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын іске асыруға арналған, сот процестерінің ашықтығын және мобильдігін нығайтуға бағытталған ақпараттық жаңғыртуларының бірі болып табылады.

 

Ақтөбе облысының мамандандырылған

ауданаралық экономикалық сотының

бас маманы                                                                                 

А.Сыдыков

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив