Мемлекеттік қызметтің модернизациялануы

Мемлекеттік қызметтің модернизациялануы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі №119 Жарлығымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі жаңа моделінің тұжырымдамасы бекітілді. Мемлекет басшысының 2015 жылғы 20 мамырдағы Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам бағдарламасының алғашқы 15 қадамы кәсіби мемлекеттік аппарат құруға бағытталған. Аталған тұжырымдаманы және Ұлт жоспарының алғашқы 15 қадамын іске асыру мақсатында 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

Мемлекеттік қызметтің жаңа моделі – мемлекеттік қызметке ең лайықты адамдарды іріктеп, қабылдап, лауазыммен жоғарылағанда олардың біліктілігін, еңбегін ескеріп, жүйені қалыптастыру болып табылады.

Халықаралық тәжірибеде мемлекеттік қызметке кіру конкурстық негізде жүзеге асырылады және онда меритократия қағидаты, яғни жеке сіңірген еңбектері мен жетістіктерін мойындау негізгі қағидат.

Үміткер құжаттарының конкурстық топтамасын қарау және бос лауазымға үміткердің кәсіби білімі мен тәжірибесін бағалауға мүмкіндік беретін тестілеуді, сұхбаттасуды өткізу, сондай-ақ оның жеке құзыреттері конкурстық іріктеудің жалпы көрінісі болып табылады.

Жаңа модельде мемлекеттік қызметке кіру тәртібі екі кезеңнен тұратын конкурстық іріктеу жолымен жетілдірілген. Бұл мемлекеттік қызметкерлерді мансаптық жоғарылату үшін конкурстық негізге көшуді айқындайды.

«Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттiк әкiмшілiк лауазымына орналасуға конкурс азаматтар арасындағы жалпы конкурс және мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурстан тұрады.

«Б» корпусының мемлекеттік лауазымдарына алғаш рет кіретін немесе мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін оған қайтадан кіретін азаматтар уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тестілеуден өтеді, уәкілетті органның қорытындысын ала отырып, жеке қасиеттерін бағалатады және мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған жалпы конкурсқа қатысу іріктеу кезеңдерінен өтеді.

«Б» корпусының жоғары лауазымдарына жылжыту төменгі лауазымдағы мемлекеттік қызметкерлер қатарынан тек қана конкурстық негізде жылжыту есебінен меритократия қағидатын нығайту болып табылады.

Мемлекеттік қызметке бірінші рет қабылданушылар үшін олардың атқаратын мемлекеттік лауазымдарына сәйкестігін тексеру мақсатында міндетті түрде сынақ мерзімі білгіленеді. Мемлекеттік қызметке алғаш рет кіретін тұлғаларға тәлімгерлер бекітілумен 3-тен 6 айға дейін, мемлекеттік әкімшілік қызметіне оны тоқтатқаннан кейін қайтадан кірген мемлекеттік қызметшілер үшін 3 ай сынақ мерзімі орнатылады.

Мемлекеттік қызметтегі этикалық нормаларды жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) және әдеп жөніндегі уәкіл туралы ереже бекітілді. Әдеп қағидалары мемлекеттік қызметшілердің жалпы мінез-құлық стандарттарын айқындайды. Әдеп жөніндегі уәкіл – қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен әдеп кодексін бұзушылықтардың алдын алуды қамтамасыз ету қызметін жүзеге асырады, сондай-ақ өз міндеттері шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация береді.

Жаңа модельде мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау жүйесі жетілдірілген. Мемлекеттік қызметшілер жұмысының тиімділігі мен сапасын айқындау мақсатында олардың жұмысын бағалау жүргізіледі.

Мемлекеттік қызметшілер жұмысының тиімділігін бағалау түпкілікті нәтижеге бағдарланған және мемлекеттік қызметшілерге бонустар төлеу және оларды көтермелеу, қайта даярлау мен біліктілігін арттыру қажеттігін айқындау, қызмет бойынша жоғарылату немес төмендету үшін негіз болады. Бағалау нәтижелері бойынша қызметі тиімсіз болып табылған мемлекеттік қызметшілерге аттестациядан өткізіледі.

Жаңа модельге сәйкес мемлекеттік әкімшілік қызметшілер кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында үш жылда бір реттен сиретпей біліктілігін арттырудан өтеді.

Мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру жүйесінде еңбекақы төлеу басты рөл атқарады, жаңа модельде еңбекақы төлеу жүйесі олардың жұмысын бағалауға негізделеді.

Мемлекеттік қызметтің жаңа моделі мемлекетіміздің кәсіби аппарат құру арқылы өркениетті, бәсекеге қабілетті мемлекеттер қатарына қосылу мақсатын көздейді.

 

Әскери соттың әкімшісінің персоналды басқару бөлімінің (кадр қызметінің) басшысы Г. Жетенова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

3 пікір

  1. аватар
    Katrin 11 сентября 2023 23:36

    I have to thank you for the efforts you have put in writing this website.
    I'm hoping to see the same high-grade blog posts by you
    later on as well. In truth, your creative writing abilities has motivated me to get my own blog now ;)

    Here is my web-site :: amen au Maroc

  2. аватар
    Donte 1 декабря 2023 04:55

    Howdy, I think your site could possibly be having browser
    compatibility issues. Whenever I look at your web site in Safari, it looks fine however,
    if opening in Internet Explorer, it's got some overlapping issues.
    I just wanted to give you a quick heads up! Aside from that, excellent
    website!

    Here is my website - Marie

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив