Азаматтық және қылмыстық істер бойынша электрондық арыздарды, өтінішхаттарды және шағымдарды беру

Азаматтық және қылмыстық істер бойынша электрондық арыздарды, өтінішхаттарды және шағымдарды беру

Қоғамдағы өзгерістерге сәйкес сот жүйесінің қызметіне жаңа ақпараттық технологияларды еңгізудің қажеттілігі туындады.

Сот кабинеті - ҚР сот органдарының сервистері мен қызметтеріне электрондық түрде рұқсат алудың бірыңғай терезесі ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі) немесе БСН (бизнес-сәйкестендіру нөмірі) және құпия сөз арқылы жүзеге асырылады.  Логин мен құпия сөзді сотқа қатысушы тараптар ұялы телефонына немесе электронды поштасына келіп түскен электронды хабарлама арқылы біле алады. Жолданған өтініші тіркелген соң тарап оның қозғалысы туралы талон мен электронды хабарламалар арқылы біліп отырады. Іске қатысушы өзге де тарапқа сот тыңдалымы туралы талон жолданады. Жедел ақпараттандыру мақсатында іске қатысушыларға судьяның электронды-цифрлық қолтаңбасы қойылған сот актілерінің шыққаны туралы смс-хабарламалар жолданады.

Сот жүйесінде жоғарыда аталған электрондық қызметтер тәріздес қазіргі заманғы технологияларды енгізу және қолдану сот ісін жүргізуді оңайлатады, бюрократиялық кедергілерді жояды. Ал бұл азаматтардың уақыты мен қаражатын үнемдеуге септігін тигізеді, сот жүйесінің тұрғындар үшін барынша айқын және қолжетімді болуына мүмкіндік береді.

Әрі қарай өтінішті толтыру және ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) арқылы қол қою қажет. Келесі құжаттар қоса беріледі: талап арыз; сенімхат немесе өкілдің өкілеттігін растайтын өзге де құжаттар; талапкер өз талаптарын, жауапкерлер мен үшінші тұлғалар үшін бұл құжаттардың көшірмелерін негіздейтін фактілерді растайтын құжаттар; дау туындаған жағдайда нормативтік құқықтық актінің мәтіні; талапкердің мерзімді ұзарту, жарналар, уақытша шаралар қолдану сот шығындарын немесе олардың мөлшерін азайту туралы өтініш хаты, төлеуден босату, дәлелдемелер және талап арызда баяндалған басқа да құжаттар. Талапкер (жеке немесе заңды тұлғалар үшін) және жеке немесе заңды тұлға болып табылатын жауапкер туралы деректерді толтыру қажет. Электрондық талап арыз нысанын талапкер мен жауапкерге (жеке / заңды тұлғалар) бір немесе бірнеше деректерді енгізуге мүмкіндік береді. Көрсетілген қызметтер үшін мемлекеттік баж салығы төленеді.

Қорытындылай келе, Қазақстан Республикасының сот жүйесіне жаңа технологияларды енгізу, халықтың сот төрелігіне қолжетімділігін жоғарылатып, құқықтық қоғамның мүшелеріне және бұқаралық ақпарат құралдарына сот қызметі туралы жедел және ашық түрде ақпарат алуға мүмкіндік беретінін атап өту қажет. Заманауи технологияларды сот жүйесінде қолдану ел тұрғындары үшін де сот жүйесінің де  барынша ашық әрі қолжетімді бола түсуіне ықпалын тигізері анық.

  

Т.Р.Абиятова

Астана қаласы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырырлған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі  

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив