Тіл - біздің басты қазынамыз.

Тіл - біздің басты қазынамыз.

Тіл әрбір халықтың баға жетпес, асыл қазынасы. Тіл – кез келген ұлттың – өмірі мен тірегі. Дүние жүзіндегі халықтардың басты айырмашылығы да сөйлейтін тілдерінде.

Қазақстан Республикасы Конституция­сының жетінші бабында: «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деп көрсетілген. Сондай-ақ, аталған бапта «Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жа­сайды» делінген. Ата Заңның жетінші ба­бы еліміздегі мемлекеттік тілдің, орыс тілінің, сонымен қатар басқа да тілдердің мәртебесін белгілейді. Бұл құжат, мемлекеттік тілдің орны бөлек екенін көрсетіп тұр. Сондықтан, барлық жағдайда жетінші бапты басты назарға аламыз.

Тіл – мемлекеттің нақ тірейтін тұғырлы құбыласы. Тіл – тә­уелсіздігіміздің қуатты құралы, асыл ой мен парасат белгісі, елдігіміз бен бір­лігіміздің туы. Еліміз тәуелсіздік алғалы жүргізіліп келе жатқан тіл саясатының арқасында қазіргі таңда тіл туралы оңды қоғамдық көзқарас қалыптасып отыр. Мем­лекеттік тіл мәртебесіне ие қазақ ті­лі бүгінде ұлттық рухымыздың өзе­гіне айналды. Көпұлтты мемлекетте қа­зақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне сай қызмет етуін қамтамасыз ету – өте күр­делі мәселе. Қай кезде болмасын, тіл мәселесі – сол тілде сөйлейтін, сол тіл­ден сусындаған, ұлттық, ділдік белгісі бо­лып саналатын халықтың мәселесі.Әрбір халықтың ана тілі бар десек,өз ана тіліміздің барша болмысы, тіпті оның әрбір дыбысы – әрбір азаматқа танымал, мәдени-әлеуметтік өмірде өзін­дік мәні бар киелі ұғым. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, мінезі айнадай көрініп тұрады. Қазақтың тілінде қазақтың сайран сары даласы, біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сары далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын са­бырлы мінезі-бәрі көрініп тұр. Тіл-бар­ша адамзаттың ең басты қазынасы.Ол жоғалса, халық та, ел де жоғалмақ.Сол себепті де тар жол, тайғақ кешу жыл­дары жалаң аяқ жар басып, біреудің бо­сағасына қашып, қиындықпен алған азаттықпен бірге  ата-бабамыздың қайтпас қазынасын құр­меттейік. Тіл үшін үлкен тірек – сол тіл­де сөйлейтін адамдар, яғни біз. Ал, тілін құрметтегенді, сөз жоқ, елі де құр­меттер.

Мемлекеттік органдар арасындағы хат алмасу, жиналыстарды өткізу, жиналыс хаттамаларын жүргізу тілі Қазақ­стан Республикасы Консти­туциясының 7-бабының 1-тармағы мен тіл туралы заңның 4-бабына сәйкес, мемлекеттік тілде жүргізілуі керек. Сондықтан, қазақ тілінің сот жүйесінде алатын орны ерекше. Сондықтан, әрбір соттардағы кіріс-шығыс, құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің, қазақ тілінде қаралып жатқан істердің үлес салмағы, судьялар мен сот қызметкерлерінің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейлері арнайы бағамдар бойынша сараланып отыр. Яғни, заң бойынша мемлекетімізде сот ісі мемлекеттік тілде жүргізілуі тиіс. Қажет болған жағдайларда ғана, қазақ тілімен қатар өзге тілдер қолданылуы мүмкін. Қазіргі таңда соттарда ішкі құжат айналымын мемлекеттік тілге көшіру жолға қойылып, әрбір істі қазақ тілінде қарап, мемлекеттік тілде шешім шығаруға мүмкіндік мол.  Сондықтан, еліміздегі әрбір сотта мемлекеттік тіліміздің мерейі үстем.

Сот істерінің басым бөлігінің ресми тілде жүргізілу себептерінің бірі, сотқа жүгінушілердің мүддесін қорғаушы адвокаттар, заңдық көмек көрсетуші өкілдердің қазақ тілін жетік білмеуінен. ҚР қылмыстық іс жүргізу кодексінде сот ісін жүргізу тілі, сотқа талап арыз берілген тілге қарай, сот ұйғарымымен белгіленетіні көрсетілген. Бұл дегеніміз, сотқа талап арыз қай тілде берілсе, іс сол тілде қаралып, сот актісі де сол тілде қабылданады деген сөз. Айтар болсақ, орыс тілін жай ауызекі сөйлесуде ғана білетін сот процесіне қатысушылар, сот процесі кезінде өз ойларын толық жеткізе алмай қиналатын тұстары жиі болып тұрады. Алдын ала тергеу мемлекеттік тілде жүріп, прокуратура өкілдері қазақша сөйлесе, талап арыз осы тілде жазылса, істі қазақ тілінде қарауға қуана келісетін едік.

Жоғарыда атап өткен мән-жайларға сүйенетін болсақ, әрбір сотқа жүгінуші азамат, сотта қаралатын мемлекеттік тілдегі істердің көрсеткішіне өз үлесін қоса алады. Өйткені, сот ісін жүргізу тілі заң талаптары бойынша, сотқа талап арыз берілген тілге қарай сот ұйғарымымен белгіленеді.

 

Ә.Турсынбай

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотының бас маманы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

1 пікір

  1. аватар
    Caroline 17 декабря 2023 13:54

    Heya! I'm at work surfing around your blog from my new iphone 4!
    Just wanted to say I love reading through your blog and look forward to all your posts!
    Carry on the fantastic work!

    Feel free to visit my webpage - Arturo

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив