Оқушылармен кездесу

Оқушылармен кездесу

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотының судьясы Ж.Кунаева құқықтық сауаттылық айлығын өткізу аясында Ембі қалалық орта мектебінің №3 мектебінің жоғарғы сынып оқушылары мен ұстаздарына дәріс оқыды.

Шара мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауатын арттыру, олармен жасалатын құқықбұзушылықтардың алдын алу.

Іс-шара барысында судья АПК және ҚПК, Судья әдебі кодексіне, оңайлатылған іс жүргізу, сот қызметіне үміткерлерді іріктеу механизмі мен біліктілік талаптарының күшейтілуін атап өтті.

Сонымен қатар төраға тыңдаушыларға сот жүйесіне енгізілген жаңа ақпараттық технологиялар жайында, сот отырыстарында аудио-бейнежазба құралдарының қолданылатынын, барлық сот отырысы залдарының аудио-бейнежазба құралдарымен қамтылғандығын хабарлады. Жаңа ақпараттық технологияларды қолдану сот ісін жеңілдетуге, уақыт пен қаржыны үнемдеуге мүмкіндік бергендігін, азаматтар мен заңды тұлғалардың сот жүйесіне қол жетімділігінің артуына мүмкіндік беретінін атап өтті.

Қазіргі кездегі маңызды мәселе - татуластыру рәсімдерін қолдану, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу мәселелері де сырт қалған жоқ.

Шара соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына толық та білікті жауаптар алды. Мектеп басшылығы осындай пайдалы да маңызды шара үшін судьяға алғыстарын жеткізді.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив