Сот өндірісіне электрондық жүйелерді енгізу

Сот өндірісіне электрондық жүйелерді енгізу

«Сот төрелігіне қолжетімділік деген

маңызды мәселе табысты шешілуде.

Ол заманға сай технологиялардың

арқасында шешімін тауып отыр –

бүгін бізде  көптеген дамыған елдерге

ұқсас электронды сот өндірісі бар»

(Қазақстан Республикасының

Президенті Н.Ә.Назарбаевтың

Қазақстан судьяларының

VII съезінде сөйлеген сөзінен)

 

Мемлекетіміз өз егемендігін алғалы көп уақыт өтпесе де, болашаққа деген қадамын нық басып, ілгері жылжып келеді. Батыстың сот жүйесі дамыған мемлекеттерімен тәжірибе алмасып, еліміздің сот саласына ыңғайлы, тиімді, оңтайлы жүйелерді енгізу арқылы ел тұрғындарына сотқа деген сенімділікті арттыру мақсатымен көптеген жұмыстар атқарылуда. Сот жүйесінің ашық әрі оңтайлы болуы сот билігінің әділдігіне, сенімділігіне әсер етері анық. Еліміздегі сот жүйесіне күн санап жаңашылдықтар енгізілуде. 2014 жылдан бастап Республикамыздағы облыстардың кейбір соттарында пилоттық жобада «Төрелік» автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесі іске қосылды. Жүйенің мақсаты судьялар мен сот қызметкерлерінің жұмысын оңтайландыру, ашықтық, қолжетімділік, дәлдік, әрі жүйені қолданушылардың өзіне қажетті мағлұматтарды алуды қамтамасыз ету болып табылады.

Соның бастамасы ретінде, Жоғарғы Соттың веб-порталында «Сот кабинеті» ақпараттық жүйе қызметінің қосылуы. Бұл қызмет түрінің ерекшелігі – қолданушы үйден не жұмыс кабинетінен шықпай-ақ,  компьютерден электронды цифрлы қолтаңбаны (ЭЦҚ) қолдану арқылы онлайн режимде өзінің талап арызын, өтінішін, өзге де мазмұндағы арыздарын өзіне қажетті сотты таңдау арқылы жібере алады. Жолданған талап арыздар мен өзге де құжаттарды сот қызметкерлерінің қабылдап, тіркегені жөнінде хатты жөнелтуші хабарлама алады. Сонымен қатар, бұл қызмет арқылы қолданушы сот отырысының бейне-дыбыс жазбасын көріп, тапсырған арыздары мен өтінішінің процессуалдық мерзімдері мен жылжу бағдарын қарап отыра алады. Яғни, сотқа келмей-ақ, уақытты тиімді пайдаланып, сотқа келіп-кетуге шығынды шығарудың қажеті де шамалы. Сот қызметкерлеріне оңтайлысы – қағазбастылықтан арылу. Сотқа келушімен тікелей қарым-қатынасқа түспеуден қорғау. Сотқа деген сенімділікті арттыру.

Келесі қызмет, еліміздегі сот ғимараттарындағы сот мәжілістері өткізілетін залдар электронды дыбыс-бейнежазбасын тіркеу құрылғылырымен қамтамасыз етілуі. Қазіргі таңда сот залдары толығымен компьютерлермен, жоғарыда аталған құрылғыларымен жарақтандырылған. Бұл жүйенің тиімділігі сот мәжілісінің хатшысы осыған дейін сот мәжілісінің хаттамасымен компьютерде теру арқылы жазатын болса, қазіргі таңда сот процестерінде компьютер арқылы электронды дыбыс-бейнежазбасын тіркеу құрылғысын жүргізіп, сот отырысы аяқталған соң, басылған жазбаны дискке жазып жүргізілген істің құжаттарына тіркейді. Сот отырысының хаттамасы да қысқаша форматта автоматты түрде түзіледі. Хатшы оны тек қана принтерден басып шығарып іс құжаттарына тіркеп қойса болғаны. Аталған бейне-дыбыс жазбасы өңделуге, өзгертуге жатпайды. Мұндағы артықшылықтар, сот қызметкері мен сотқа қатысушылардың да қағаз бастылықтан арылып, уақытты ұтымды пайдалануы, тікелей байланысқа түспей, қашықтықтан жұмыс жасауы деп ұғынуға болады.

Елімізде бүгінгі таңға дейін қылмыстық істер бойынша өзге облыстарда, қылмыстық-атқару жүйелері мекемелерінде жазасын өтеп жүрген сотталғандарды сотқа қатыстыру үшін  оны этаппен сотқа алдыртып, немесе судья мен сот мәжілісінің хатшысы, прокурор, қорғаушы көшпелі сот отырыстарын жасайтын. Әрине, бұл жағдай кез келген жағынан алып қарасақ та берілген жұмыс уақытын жоғалтуға, оларды этап жасау үшін мемлекеттің қаржысы жұмсауға әкеп соқтырады. Алмастырылған озық тәжірибелердің арқасында сот өндірісінде «бейнеконференциялық байланыс» қызметі пайда болды. Мұндағы ерекшеліктер мен артықшылықтар сот процесін өткізуге едәуір көмегін тигізіп отыр. Себеп, бүгінгі таңда сот залдарында жарақтандырылған дыбыс-бейнежазбасын тіркеу құрылғылары арқылы «бейнеконференциялық байланыс» жасап, сотталғандарды этап жасамай-ақ, сот процесстерін өткізуде. Аталған қызмет жүйесі қосылғалы уақытты тиімді пайдаланғаны мен мемлекеттің қаржысын үнемделгені көзге көрініп тұрғаны анық.

«Төрелік» автоматтандырылған-ақпараттық талдау жүйесі іске қосылғанға дейін, сот мәжілісінің хатшылары сотқа келуші тараптарды сотқа шақыру үшін кем дегенде 3-4 сағат уақытын бөлетін. Яғни, сот қызметкері сотқа шақыру қағазын толтырып, оны конвертке салып, оның сыртына кімнен, қайдан жібергені, сондай-ақ кімге, қайда жолданатынын толық жазатын, одан қалса толтырылған 50-60 конвертті арнайы тізім жасап сосын барып курьерге тапсыратын. Әрине мұның бәрі көптеген уақыт пен қағазбастылықты талап етеді. Ал, қазіргі уақытта «Төрелік» автоматтандырылған-ақпараттық талдау жүйесінде «Электронды хабарлама» бөлігі жұмыс жасайды. Бұл дегеніміз – «Гибридті электронды почта», СМС-хабарлама. Сотқа келіп түскен істі, судья өз өндірісіне қабылдаған соң, онда іске қатысушылар жөнінде толық ақпарат толтырылады. Яғни, толық мекен-жайы, ұялы телефон нөмірлері және т.б. іс тағайындалған күннен бастап сот мәжілісінің хатшысы істе көрсетілген ұялы телефон нөмірі бойынша тараптарға қысқаша мазмұндағы автоматты түрде толтырылған СМС-хабарлама жібереді. СМС-хабарлама ең ұзақ дегенде 30 минуттан кешіктірілмей хабар алушыға келіп түседі. Аталған СМС-хабарлама сотқа шақыру қағазы болып табылады. Егер де істе сотқа келушінің ұялы телефоны көрсетілмесе немесе оған хабарламаның жету мүмкіндігі болмаса, сот мәжілісінің хатшысы «Гибридті электронды почтаны» (ГЭП) толтырып жібереді. Онда да хабарлама автоматты түрде толтырылып тұрады. Хатшы электронды түрде хабарламаны облыстағы «Қазпочта» АҚ орталығына жібереді. «Қазпочта» қызметкерлері келіп түскен электронды хабарламаны қағаз түрінде шығару арқылы, арнайы конвертке салып тез арада көрсетілген мекен-жайы бойынша жеткізеді. Жоғарыда аталған  Гибридті электронды почта, СМС-хабарлама бойынша да, сотқа келушіге хабарламаның жеткізілгені немесе жеткізілмегені жөнінде есеп сот мәжілісі хатшысының компьютеріне келіп түседі. Ол есепті принтерде басып шығару арқылы іс құжаттарына тіркейді.

Қарап отырсақ, «Төрелік» автоматтандырылған-ақпараттық талдау жүйесі арқылы көптеген қағазбастылықтан арылдық. Барлығы жаңа жүйеге ауысып, сот жұмысын электронды жүргізудің оңтайлы тәсілдері енгізілді.

Өз сөзімізді қорытар болсақ, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан судьяларының VII съезінде «Қазақстан бүгін – қалыптасқан, әлем таныған және бәсекеге қабілетті мемлекет ретінде танылып отыр. Оны бүкіл дүниежүзілік қауымдастық мойындайды. Біздің табыстарымыздың дәлелі заманға сай және тиімді сот билігі болып табылады.» - деп айтып өтті. Демек, біз жаңа заманауи технологиялармен жабдықталған сот өндірісін жүргізу арқылы, халықтың сенімін алып, әділ сот жүйесінің керегесін қатайтуға бар күшімізді салуымыз қажет.

 

Астана қаласының қылмыстық істер

жөніндегі мамандандырылған ауданаралық

сотының кеңсе меңгерушісі                                                

Қ.Т. Омирова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив