Сот жүйесіндегі реформалар. Сот отырыстарының ашықтығы.

Сот жүйесіндегі реформалар. Сот отырыстарының ашықтығы.

Соңғы жылдары қала соттарына келіп түсіп жатқан істер саны күн санап арту үстінде. Бұл көрсеткіштердің барлығы бірінші кезекте халықтың құқықтық сауаттылығының артуымен шартталады. Бұл бағыттың қарқынды жұмыс жасауының бір бағыты ретінде соттардың электронды құжат алмасуға көшкендігін де қарастыруға  әбден болады.

Электронды сот төрелігін іске асыру халықтың сотқа деген сенімін, сот төрелігіне қолжетімділігін,  оның ашықтығын және жариялылығын арттыру ретінде танылады.

Елбасының сындарлы саясатының негізінде сот жүйесін жаңартуға бағытталған  барлық тапсырмалары бүгін жүзеге асып, соттар заманауи технологиялармен жұмыс жасауды бастап кетті.

Аталмыш алға қойылған тапсырмалардың өзектілігі Қазақстанның «Соттық тәуелсізді» көрсеткіші бойынша бәсекеге қабілетті 30 дамыған елдер қатарына кіруімен тығыз байланысты.

Мемлекет басшысы биылғы халыққа арнаған Жолдауында да бірқатар басым бағыттарды айқындай келе, инновациялық технологияларға бет бұрып, азаматтардың өтініштеріне жедел ден қою қажеттігін атап өтті.

Бүгін сот саласында енгізілген ақпараттық  технологиялар соттардың жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, халықпен кері байланыс орнатуда жоғары көрсеткіштер көрсетіп, жұмыс сапасының артуына септігін тигізді.

Электронды сот төрелігі жайлы әңгіме бастау алғанда, әрине азаматтардың уақытын максималды түрде үнемдете білген,  талап арыздар мен шағымдарды электрондық түрде беру, құжаттар көшірмелерін алу және іс материалдарымен танысу мүмкіндігін көздейтін «Сот кабинеті» ақпараттық жүйесін айтпасқа болмас.

Бұл жүйе өз кезегінде соттардың ашықтығы мен жариялылығының айқын көрінісі болды десек қателеспеспіз.

Сондай-ақ, соттардың ашықтығы мен жариялылығының тағы бір көрінісі ретінде ҚР Жоғарғы сотымен енгізілген бірқатар электронды қызмет көрсету түрлерін атап өтуге болады.  Олар, біріншіден күнделікті жаңартылып отыратын соттардың ресми сайттары болса, екіншіден халыққа қолжетімді «Сот  құжаттарымен танысу», «Сот істерін қарау кестелері»,  «Сот кабинеті», «Сотқа шақыру қағазы», «SMS-хабарлама», «Дыбыс-бейнеге жазу» жүйелері танылады.

«Сот  құжаттарымен танысу» сервисі электрондық сот құжаттарын қарауға арналған. Кез-келген сотқа қатысушы жақ өзіне қажетті құжатты, сотпен жолданған логин мен құпия сөздерді теріп, көре алады. 

Бүгін заманауи мобильдік ғасыр болғандықтан,  сотқа шақыру қағазын табысты түрде алмастыра білген SMS-хабарламаны жолдау өте ыңғайлы. Бұл жүйе әрине пошта шығыстарына бөлінетін бюджеттік қаражаттарды үнемдеуге оң әсерін берді.

Ал осы аталған сервистердің ішінде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға, бюрократтық кедергілерді жоюға, соттардың ашықтығының бірден-бір дәлелелі танылатын сот отырыстарын аудио-бейне жазба құралдарымен түсіріп алу жүйесі қарқынды қызмет көрсетуде. Халық үшін тиімділік танытқан, әрі сот отырысының хаттамаларын алмастыра білген осы жүйе қолайлы сервистердің бірі.

Қазіргі таңда сот отырысының залдары жүз пайызға аудио-бейне жазба жүйелерімен толығымен жабдықталған. 100 НАҚТЫ ҚАДАМ «Ұлт жоспарының» 20-шы қадамында көзделген бұл бағыттағы жұмыс қарқынды жүргізілуде.

Жазбаны судьяның тоқтатуға немесе аудио жазу материалдарын редакциялауға мүмкіндігі жоқ.  Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің  347-1 бабына сәйкес, сот отырысы барысын түсіріп алу аудио-, бейнежазба құралдарының көмегімен жүзеге асырылады. Сот отырысын аудио-, бейнежазба құралдарымен түсіріп алуды сот отырысының хатшысы жүзеге асырады.

Сот отырыстарының аудио-, бейнежазбалары сот талқылауының барысын дәл тіркеу үшін тек сот ісін жүргізу мақсаттарында, сондай-ақ азаматтық, қылмыстық сот ісін жүргізуде, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуде не тәртіптік іс бойынша іс жүргізу шеңберінде нақты деректерді анықтау мақсаттарында пайдаланылады.

Бірақ,  заңға сай,  аудио-, бейнежазба құралдарын пайдаланудың мүмкін болмауы сот отырысын жалғастыруды жоққа шығармайды. Яғни, жүйе техникалық ақауларға байланысты жүргізілмеген жағдайда, сот отырысының хатшысы жазбаша нысанды қысқаша хаттама әзірлейді.    Аудио-, бейнежазбаны қамтитын СД-диск пен сот отырысының қысқаша хаттамасы іс материалдарына қоса тіркеледі.

Ал, сот  өз кезегінде іске қатысқан жақтардың өтінішхаты бойынша аудио-, бейнежазбаның көшірмесін немесе сот отырысының хаттамасын ұсынады. Іс жабық сот отырысында қаралған жағдайда іске қатысатын адамдарға аудио-, бейнежазбалар және сот отырысының хаттамасы ұсынылмайды, олардың аудио-, бейнежазбамен және сот отырысының хаттамасымен сотта танысу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.

Сондай-ақ, сот отырысының  аудио-, бейнежазбаға жазылған нұсқасын алу мүмкіндігі жоғарыда атап өткен «Сот кабинеті» ақпараттық жүйесінде көзделген.  Электронды өтініш негізінде  ұсынылған  сот отырысының  аудио, - бейнежазбаға жазылған нұсқасын көшіріп алу мүмкіндігі де қарастырылған.

Аудио-, бейнежазбаға жазу жүйесі сот отырысының уақтылы басталмауы тәрізді проблемаларды жойып, сотқа қатысушы тараптарды тәртіпке шақырады. Даулы мәселелер туындау барысында кез-келген сұраққа жауап алу мүмкіндігін қарастырады.

Сот жүйесіне енгізілген барлық ақпараттық-инновациялық технологиялар азаматтар мен заңды тұлғарлардың сот қорғауына өз құқықтарын барынша ашық және ыңғайлы іске асыруға мүмкіндік береді.

 

Б. Есенов, Астана қаласы №2 Есіл аудандық сотының төрағасы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив