Соттың қарым қатынастары

Соттың қарым қатынастары

Әлеуметтік маңызы бар салаларды қамтиды. Олар қазіргі таңда қоғамдағы әлеуметтік маңызы бармәселелерді шешуде үлкен рөль атқарып, халықпен тығыз байланыста болады. Сондықтан осы мәселені қарастыру барысында, туындаған қатынастардың заңдылығын қамтамасыз етіп, дауларды шешуде мемлекетіміздің алдына қойған мақсаттарды жетілдіру болып табылады.

Қазақстанның орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ететін бір қатар аса маңызды заңнамалық актілер қабылданды. Оңдағы басты мәселе ретінде азаматтық қоғам институттарының жан-жақты дамуы, мемлекет пен қоғам қатынастарынның үйлесімділігін бағдарының нәтижесінде мемлекеттік және қоғамдық институттарының неғұрлым белсенді өзара іс-қимылын арттыру болып табылды.

Әкімшілік құқықты одан әрі дамыту кезінде, мүмкіндігіне қарай, мемлекеттің, азаматтардың және біржақты билік принциптеріне негізделген мемлекеттік емес ұйымдардың арасындағы қарым-қатынастардағы қалыптасқан дәстүрлі тәсілдерден бас тартқан жөн. "Билік және бағыну" принциптерінен толық көлемде бас тарту мүмкін емес, алайда әріптестік-жәрдемдесу, функционалдық-клиенттік, тікелей қорғау принциптерін қолдану аясын кеңейту керек.Сонымен бірге азаматтардың мемлекеттік емес ұйымдарға өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, оның ішінде қарау мерзімін сақтау, ұйымдар мен олардың лауазымды тұлғаларының өз қызметтерін тұтынушылардың өтініштерін қараудағы жауапкершілігін белгілеу мәселелері бойынша өтініштерімен байланысты қатынастарды реттеу қажет.

Осыған байланысты сот төрелігін іске асыру кезінде соттардың тәуелсуздігін нығайту бағытталған сот-құқықтық реформаның жаңа кезеніне констетуциялық деңгейде қарқын берілді.

Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарының қызметі мен маңызы нығайтылып, әсіресе, әлеуметтік салалардағы мемлекеттік органдардың қызметтік міндеттері бірте-бірте соларға берілуі тиіс. Бүгінде еліміздің үкіметтік емес ұйымдары жастар саясаты, білім, денсаулық сақтау және салауатты өмір салтын қалыптастыру, экология және қоршаған ортаны қорғау, құқық қорғау және заңгерлік көмек беру, қарт адамдармен және мүгедектермен жұмыс істеу, гендерлік саясат, мәдениетті дамыту және осы секілді көптеген салаларда өз жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Көптеген үкіметтік емес ұйымдар жүзеге асырып жатқан әртүрлі бағыттардағы әлеуметтік маңызды жобалардың ресурстық көздері негізінен халықаралық қорлардың гранттары, жеке тұлғалардың қайырымдылық және демеушілік көмектері немесе мемлекет қаржысы болып табылады. Осы орайда, қаржыландыру деңгейінің арасалмақтық қатынасы әрқалай екеніне назар аударғымыз келеді.

Үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік-маңызды қызметін қаржыландыру – бүкіл әлемде жеткілікті түрде таралған тәжірибе болып табылады.

Бүгінде мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың салалық ынтымақтастығын орнықтырудың негізгі қаржылай құралы республикалық деңгейде де, жергілікті деңгейде де, ол – мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа негізделген. Үкіметтік емес ұйымдарды қаржыландыру «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберіндегі қызметтердің ақысын төлеу» бюджеттік жүйесі бойынша жүргізіледі.

Әртүрлі салалардағы әлеуметтік тапсырыстарды және олардың орындалуын қадағалап, мониторинг жүргізіп отыру үшін әдістемелік және талдау жұмыстары жүргізіліп отырады, бұл істі жүзеге асыратын өкілетті орган ретінде Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі (бұрынғы Мәдениет және ақпарат министрлігі) белгіленген.

Осыған байланысты құқықтық қатынастарды реттеу бойынша, туындаған дауларды шешуде өз орнын соттар алады.

 

Есіл аудандық сотының

бас маман – сот отырысының хатшысы Л.Аскарова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив