Медиация дамуы – заман талабы

Медиация дамуы – заман талабы

Бүгінгі қазақ медиациясының қандай артықшылықтары бар? Бұл төңіректе ой қозғағанда медиация ең алдымен азаматтардың уақыты мен ақшасын үнемдеуге жол ашады. Яғни, сот өндірісімен салыстырғанда, дауды бітімгершілік арқылы шешу көп уақыт алмайды. Сонымен қатар тараптардың шығындарын үнемдеуге мүмкіндік береді. Екіншіден, бітімгершілік үдерісінде жеңілген және жеңімпаз деген болмайды. Бұл жерде медиацияның міндеті - екі тарапты да қанағаттандыратын шешім табу. Тараптар өз мүдделерін қаншалықты ашық айтса, соншалықты оларды қанағаттандыратын шешім шығармашылықпен әзірленеді. Сотта шешім қабылдаудың мұндай әдісі қолданылмайды. Үшіншіден, шешімнің орындалу мүмкіндігінің көбеюі. Шешімді бірге әзірлеген және келісімге өз бетімен қол жеткізген тараптар өз мүдделерін негізге алғанда үшінші тарап қабылдаған шешіммен салыстырғанда қол жеткізген келісімді орындау аса қолайлы.

Медиация адам қызметінің көптеген салаларында ұрысушы тараптардың арасында тиімді өзара қатынастарды ынталандыру және оларға жарамды шешімдер іздестіруге көмек көрсету үшін баяғыдан бері пайдаланылып келеді. Соңғы уақытта адам қызметінің көптеген салаларында, мысалы, еңбек қатынастары, денсаулық сақтау, білім беру, өнеркәсіп және коммерция саласында,  сондай-ақ қылмыстық іс жүргізу жүйесінде (әсіресе, құқық бұзушының жәбірленуші тарапқа келтірген зиянды өтеу туралы сөз болғанда) барынша ресми пайдаланыла бастады.

Қазақстанда соңғы жылдары жүзеге асырылып жатқан құқықтық реформа өзінің заңды жалғасын Президенттің «Қазақстан - 2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауында тапқан болатын. Елбасы «Қазақстан - 2030» Стратегиясында белгілеген негізгі бағыттар уақытынан бұрын орындалғанын айта келіп, еліміздің 2050 жылға дейін атқаратын міндеттері сараланды. Осы мерзім ішінде еліміз әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылып, Еуропа елдерінің стандартына көшуге тиісті екенін атап өтті. Әрине, ол үшін әлеуметтік-экономикалық дамумен қатар, ұлттық құқықтық жүйені жаңғыртып, жетілдіру қажет. Заңнамалар тек ұлттық мүдделерді қорғап қана қоймай, қарқынды дамып отырған халықаралық құқықтық ортамен де үйлесуге тиісті болды.

Қазақстанда Медиация институты сенімсіздік және азаматтардың (қызметкерлердің) өздерінің құқықтары мен мүмкіндіктерін, сондай-ақ дауды шешу үшін медиаторға жүгінудің жағымды жақтарын білмеудің салдарынан дамымай отыр.

Медиация Қазақстанда соңғы жылдары белгілі бір дәрежеде тарала бастады. Қазақстанда медиаторларды үйретумен де шұғылданатын, сондай-ақ азаматтық, еңбек дауларын, сондай-ақ қылмыстық істерді шешу кезінде медиацияны іс жүзінде қолданатын бірқатар медиация орталықтары құрылды.

Қазіргі  уақытта  еліміздің  әр  өңірде,  әр  қаласында медиаторлар ұйымы, немесе соттарға немесе өзге де құқық қорғау органдарына жүгінбей-ақ даулар мен жанжалдарды шешуде іс жүзінде көмек көрсете алатын, олардың өкілдері бар.

Әкімдер тек келген адамдардың тізімін жүргізумен шектелмей өздеріне бекітілген аумақтарда дау-жанжал туған жағдайларда тараптарға міндетті түрде дауды медиация жолымен шешу мүмкіндігін түсіндіріп отырғаны жөн болар еді. 

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бірігіп 2013 жылы маусым айында «Бітімгершілік-примирение» (қылмыстық және азаматтық процестерде) жобасының тұжырымдамасы жасалды. Тұжырымдамада медиацияны Қазақстанда дамыту қарастырылды.

Дауларды шешудің балама тәсілдері туралы, соның ішінде, медиация туралы мамандандырылған хабарлар нысанында немесе танымдылық бағдарламалары айдарында теле, радио арналарында ақпараттар алаңын құру қажет.

Жергілікті атқарушы органдарды, сондай-ақ кәсіпкерлердің бірлестіктерін қоса алғанда, соттардың, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың ғимараттарында дауларды шешудің балама тәсілдері туралы, соның ішінде медиация туралы ақпараттық стендтерді орналастыру дұрыс болар еді.

Бітімгерлікте ең бастысы екі жақтың еріктілігі, сондай-ақ қос тараптың теңқұқықтылығы маңызды рөл атқарады. Яғни, қос тарап ешбіреудің қысымынсыз-ақ арадағы дауды өзара тиімді түрде шешуге мүмкіндік алады. Бұл өз кезегінде ел ішіндегі, әсіресе, ауылдық жерлердегі дау-шарлардың тиімді түрде шешілуіне игі ықпалын тигізеді.

Қорытындылай келе, елімізде медиация институтының келешегі өте зор. Оның Қазақстанда кең ауқымда қолданылуы ұлттық заңнаманы жетілдіруге септігін тигізетіндігіне дау жоқ. Медиация сот өндірісіне істерді жіберуді азайта отырып, дауға қатысушыларға психологиялық тұрғыда жарақат әкелу мүмкіндігін кемітеді.

 

Есіл аудандық сотының бас маманы –

сот отырысының хатшысы Ә.Кенжалқызы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив