Өлім жазасы

Өлім жазасы

Өмір бойына бас бостандығынан айыру – аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ өлім жазасына балама ретінде белгіленуі мүмкін. Сонымен қатар, өлім жазасы – ату жазасы адамдардың қаза табуымен ұштасқан террористік қылмыстар үшін, сондай-ақ соғыс уақытында жасалған аса ауыр қылмыстар үшін ең ауыр жаза ретінде тағайындалады.

Өлім жазасына кесілген адамға кешірім жасау туралы өтінішхат беру құқығы беріледі және ең қатаң жазаға - өмір бойына бас бостандығынан айыру кешірім жасау тәртібімен белгілі бір мерзімге бас бостандығынан айыруға ауыстырылуы мүмкін.

Өлім жазасына кесілген адамдардың, өлім жазасын орындауға мораторийдің күші жойылған жағдайда, мораторий енгізілгенге дейін олардың өтінішхат бергеніне немесе бермегеніне қарамастан, кешірім жасау туралы өтінішхат беруге құқығы бар.

Өмір бойына бас бостандығынан айыру келесі тұлғаларға тағайындалмайды. Яғни, олар он сегіз жасқа дейін қылмыс жасаған адамдарға, әйелдерге, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектерге тағайындалмайды.

Қазақстан Республикасының Президенті өлім жазасын орындауға мораторий енгізген кезде, өлім жазасы туралы үкімді орындау мораторий қолданылған уақытқа тоқтатыла тұрады.

Өлiм жазасы туралы үкiм күшiне енген кезінен бастап ерте дегенде бiр жыл өткеннен кейiн, сондай-ақ өлім жазасын орындауға мораторийдің күші жойылған соң ерте дегенде бір жыл өткеннен кейін орындалады.

Өлім жазасы кешірім жасау тәртібімен өмір бойына бас бостандығынан айыруға немесе белгілі бір мерзімге бас бостандығынан айыруға қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемесінде жазасын өтей отырып ауыстырылуы мүмкін.

 

Астана қаласының қылмыстық істер

жөніндегі мамандандырылған

ауданаралық сотының

бас маман сот отырысының хатшысы                                        

М.Тлегенов

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив