Сот жүйесінің ашықтығы мен жариялылығы

Сот жүйесінің ашықтығы мен жариялылығы

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев елде демократиялық қағидаларды орнықтыру, халықтың бостандығы мен құқығын қорғау қажеттігін ерекше назарда ұстап келеді. Сондықтан бүгінде біз, сот қызметкерлері халқымызға адал еңбек ету мақсатында, сот төрелігін уақтылы, заң талаптарына сай, әділетті және сапалы түрде қызмет атқаруға тырысамыз.

Сот жүйесінің ашықтығы мен жариялылығының дәлелі ретінде қазіргі таңда «Төрелік» ақпараттық жүйесі, «Сот кабинеті», «Үн-бейне жазба құралын қолдану» тетіктері тәжірибеде қолдануда. «Төрелік» - бұл сотта қаралатын істердің бірыңғай ақпараттық жүйесі. Ал, Сот кабинеті – бұл электрондық ақпараттық сервис, ол сот органдарының онлайн сервисіне қолжетімді бірыңғай терезе болып саналатынын, сот ісін жүргізуді жеңілдету және азаматтар үшін сот жүйесінің қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында іске асырылған. Осы сервистің негізгі ерекшелігі азамат, оның адвокат тұлғасындағы өкілі немесе заңгер кез келген ыңғайлы уақытта, үйінен немесе кеңседен  шықпай-ақ Интернет желісі арқылы сот құжатын, сондай-ақ істегі мәртебесін қарай алады және  сот актісін басып шығара алды. 

 Ал сот жүйесінің ашықтығын жүзеге асыру мақсатында барлық соттарға қаралатын істерді үн-бейне жазба құралы арқылы, ал мүмкін болмаған жағдайда - үн жазба құралын жасақтау міндеті қойылғандығын баса айтып өту керек. Кез-келген сотта қаралған іс үн-бейне жазба құралымен жасақталады. Оны өзгертуге ешкімнің құқығы жоқ, оның ішінде судья да оған өзгертулер, түзетулер енгізе алмайды. Жазылған бейне дыбыспен тыңдалып, көзбен көрініп тұрады. Сондай-ақ, жергілікті соттар осы жазба құралы арқылы қаралған істердің есебін беріп отырады. Бұл өз кезегiнде сотқа жүгiнген азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн шынайы қорғаудың сапасын одан әрi арттыра түсерi анық.  

Ашықтықтың басты құралы ретінде Алматы аудандық соты БАҚ-мен тығыз қарым-қатынас орнатуда.  Судьялар мен сот қызметкерлері қоғамдағы маңызды тақырыптарға мақала жазады,  Республикалық немесе жергілікті телеарналарда эфирлік көрсетлімге қатысып, телерадио ресурстары арқылы қоғамда маңызы бар мәселелерге тоқталып, құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.

Сондай-ақ, Алматы аудандық сотында ашық есік күндері мен дөңгелек үстелдер өткізіледі. Әрбір азамат сотқа келіп, құқықтық мәдениетін арттырып, өзін мазалап жүрген сұрақтарына жауап алуға құқылы.

Қазіргі кезде сот жүйесінде ашықтық принциптеріне үлкен көңіл бөлініп, үлкен қадамдар жасалуда. Бүгінгі күні сот жүйесінде құқықтың үстемдігі жағынан үлкен жетістіктерге жетіп отыр. Сот жүйесінің ашықтығы – азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыратын бүгінгі күннің талабы.

 

Астана қаласы Алматы аудандық

сотының кеңсе меңгерушісі                  

Тажимбетов Ғ.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив