Судья болу зор мәртебе

Судья болу зор мәртебе

1991 жылдың 16 желтоқсаны заң жүзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Тәуелсіздік күні болып жария¬ланды. «Біздің туымыз – Тәуелсіздік. Біздің мақсатымыз – бейбітшілік және береке. Бізде бір ғана Отан бар. Ол – Қазақстан», – дейді Елбасы үнемі. Бүгінде Қазақстан өзге елдермен терезесі тең, азат елге айналды. Ата Заңымыз қабылданды, тәуелсіздігіміздің айғағындай болған – әнұран, елтаңба, байрақ, төл теңгеміз бар.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының маңызы өте зор. Жоспар мемлекеттің дамуына серпін беретін, барлық саланың осал тұсын жойып, жетістігін еселейтін негізгі бағыт бағдарды қамтыған. Мұнда сонымен қатар, әлемдік дағдарысқа қарсы тұрудың, қауіп қатердің алдын алудың да мықты тетігі жасалған. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында сот төрелігіне аса көңіл бөлінген.

Сот төрелігінің әділдігі мен ашықтығын қамтамасыз ететін бірден-бір жауапты тұлға – судья. Сондықтан судья, ең алдымен, әділдік пен турашылдықтың жаршысы болу керек. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп бекер айтпаған халқымыз. Осынау ұлағатты сөздің астарында ұлттық таным-түсінікпен тереңдей үңілсек, судья туғанды емес, ең алдымен, иманды болуы керек. Судья қай уақытта да өз қызметінде Ата Заңымызбен қатар Қазақстан Республикасы аумағында қолданыстағы барлық заңнамалық актілерді, жалпыға бірдей адамгершілік нормаларды және мінез-құлық ережелерін басшылыққа алуы тиіс. Мұның бәрі айналып келгенде, судья әдебі деген ұғыммен тоғысады. Ол заң талаптарына сүйене отырып, әділ шешім қабылдаушы тұлға ғана емес, үлкен мәдениет пен парасат иесі де болуы керек. Егер біздің арамыздан бір адам өзінің жеке басының мүддесін мемлекет, заң, ар мен ождан мүддесінен жоғары қойып, заң бұзушылыққа жол берсе, бүкіл сот жүйесіне, судьялар мәртебесіне зор нұқсан келетіні сөзсіз.

Адамдар сотқа басына түскен қиын жағдайды шеше алатын ең соңғы мүмкіндігім деп жүгінеді. Сондықтан олардың сенім үдесінен шығу үшін судьялар  барынша жұмыс жасайды Сот қызметкерлері, ең алдымен, келген адамдардың реніш-наразылығын тудыратындай ешқандай ілікке жол бермеуі керек. Сол себепті әрбір судья халықпен жұмыс жасау барысында мейлінше әдептілік көрсетіп, ізгілік танытуы тиіс.

Сот жүйесіндегі жаңа өзгерістер қоғамның сот қызметіне деген сенімін арттырып келеді. Бұл мәселеге деген Елбасының ұдайы көңіл бөліп, жүргізіліп жатқан реформаларға қозғау салып отыруы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды демократиялық үрдістерге сай күшейтуге ерекше ықпал етуде.

Осындай сыры кетпес, сыны биік ұстанымдарға қазақ халқы да талай ғасырдан бері арқа сүйеп келеді. Олар: Майқы бидің «түгел сөзі», Әз Жәнібек ханның «әдет-ғұрыптары», «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Әз Тәукенің «Жеті Жарғысы» – бәрі де қара қылды қақ жарған әділеттілікке негізделді.+

Қазақ қауымында әділеттің жақтаушысы, ақиқат-шындықтың қорғаушысы – билер болып табылды. Кемеңгерлігі тасқан, шешендігі асқан, шариғатқа жетік, білікті сөйлеп, кесімді пікір айта білген, тек иманға ұйыған әділ билер ел алдында өте беделді болды. Оларды халық ерекше құрметтеп «тура би» деп атады. Ал, әділдіктен ауытқып, туыс-туғанына бұра тартқан би қадірі кетіп, «имансыз» деп қатал айыпталды. Ондайлар көп ұзамай-ақ ел билігінен шеттетілді. Халық арасындағы «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ», «Әділ биі бар елді дау араламайды» деген нақыл сөздер осындай халық тәжірибесінен барып туды.  

Халқымыз адалдықты – ар-ұжданның серті деп біліп, имандылықты – беттің ары деп ұққандықтан, жас ұрпақтың ақыл-ойын әділдікпен шыңдап өсірді. Жастайынан ақиқатшыл бала билерді тәрбиеледі.

Судья дегенде көз алдымызға кешегі бір ауыз сөзбен бүкіл бір елдің мәселесін шешіп, жесірін жылатпаған, жетімін құлатпаған, дархан даланың данагөй ақылмандары, қазақтың даңқты билері – Төле би, Қазыбек би мен Әйтеке би көз алдымызға келеді. Қалың қазақты дуалы ауыз шешендігімен, көреген көсемдігімен айрандай ұйытып, қара бастың қамын ойламай, байтақ қазаққа бас болып, телісі мен тентегін тыя біліп, әділдігімен, турашылдығымен ел есінде қалған.

Хакім Абай «Аллаға азанды бол, ағайынға қазанды бол, халқыңа әділ бол» демекші басты мақсатым әділеттікті бәрінен биік ұстап, шындықты айқындау. Сырт көзге судья болу оңай көрінгенімен, жауапкершілігі өте жоғары. Себебі, әрбір шығарған үкім, шешіміміздің арғы жағында адамның тағдыры тұрады. Сотқа әділдік іздеп жүгінген жандар шығарылған шешімге көңілі толса –үлкен қуаныш. Судьялыққа талаптың қатаюы құптарлық. «Ұлт Жоспары – 100 нақты қадамның» 17-қадамы судья лауазымына кандидаттарды іріктеу тетіктерін көбейту және біліктілігін көтеруге бағытталған. Басты талап – сот істерін жүргізуде 5-жылдық өтіл міндеттеліп отыр. Бұдан, судьялар жұмысының күрделі және жауапты екендігін көреміз.  Судьялыққа талапкерлердің кәсіби қабілеті мен іскерлік шеберлігін тестілеу жүйесі арқылы анықтауға болатыны айтылған. Тест жүйесі – қазіргі заманғы әлемдік деңгейдегі ұтымды жүйе. Бұл арқылы жас үміткердің білімін жан-жақты тексеруге болады. Судья болу үшін бұрын 25 жас жеткілікті болса, қазір ол 30 жасқа ұзартылды. 30 жаста кез келген адам оңы мен солын ажыратып, ақыл тоқтады емес пе?! Сондай-ақ, судьялыққа үміткерлер бір жылдық тағылымдамадан өтеді. Осы орайда, тағылымдамадан өтіп жатқан кезде үміткерге бір жылдық степендия төленетінін айтып кеткен жөн. Бұл жерден біз, Елбасымыздың жастарға деген ерекше қолдауын көреміз. Судьялыққа үміткер үшін тағылымдаманың берер тәжірибесі зор ғой. Судья боламын дегендер осы талаптардан толық өтіп, жауапкершіліктің дәмін сезініп, негізгі жұмыстың маңыздылығын осы аралықта түсініуге мүмкіндігі бар. Сонда ғана олардан өз мамандығын сүйген, кәсібін сүйген нағыз шебер судья шықпақ. 
Судья сот билігінің беделін түсіретін, абырой-беделіне нұқсан келтіретін және сот төрелігін жүзеге асыру кезінде оның объективтілігі мен бейтараптылығына күмән тудыратын жағдайлардың бәрінен бойын аулақ ұстауға тиіс екендігіне кеңінен мән беріледі. Тіпті, жұмыстан тыс, өзге уақыттарда да қазының мінез-құлықтары мен сыртқы келбеті оның қызметіне сәйкес болып, қызметтін өзінің жеке басының қамын күйттеуге немесе отбасы мүшелерінің мүдделері үшін пайдаланбауға тиіс екендігі кодексте егжей-тегжейлі жазылған. Қорыта айтқанда, сотқа төрелік ету – кәсіби біліктілігі жоғары мамандар еншісінде болмақ. Мұндай талаптардың барлығы судьялар жұмысының санын емес, сапасын арттырып, сот жүйесін нығайта түсетіні сөзсіз.

Судья болу- мен үшін зор мәртебе. Болашақта судья болып әрқашанда Ата заңымыз бен заңдар шеңберінде үкім шығарып, ар-ождан мен адамгершілікті сақтап, әділдікті ту ете білу менің парызым.

 

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық соты

Эльмира Жусупбекқызы Урунбасарова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив