Болашаққа бағдар Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Мемлекеттік тілді дамыту»

Болашаққа бағдар Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Мемлекеттік тілді дамыту»

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алған бойда қазақ тілін мемлекеттік тіл деп жариялағандығы баршамызға мәлім. Ол жөнінде Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі деп еліміздің ата заңы Конституциямыздың 7-бабының 1-бөлігінде көрсетілген. Яғни қазақ тілі - шиеленіскен дауларды орақ тілдің арқасында бір ауыз сөзбен шешкен бабаларымыздың асыл мұрасы, ұлттық мәдениетіміз бен әдет-ғұрып, салт- санамыздың мәйегі.

Егемендіктің 26-шы жыл қарсаңында, өкінішке орай әлі де, қазақ тілінің бүгінгі хал-күйі, қолданыс аясы кімді болса да қатты толғандыратыны анық. «Қазақ тілінің қадамы неге тұсаулы?» − деген сұраққа жауап таппай жерге қарайтындай күйге түсетінімізді жасыра алмаймыз. Әйтсе де, себеп-салдары да, қатпарлы астары да жеткілікті бұл сұраққа бір ауыз сөзбен шешімді жауап беру, толыққанды пікір айту әсте мүмкін емес. Сөз қадірін өз қадірінен кем көрмейтін халқымыз туған тілімізге «толғауы тоқсан» деген сөзді бекерден- бекер тіркестірмеген шығар деп ойлаймын.

Мемлекеттік тілді қолдануды кеңейту заңдылық тұрғысынан қалай орындалуда, мемлекеттің тілге байланысты заңдардың сақталуы және орындалуы қай деңгейде. Мемлекеттік тіліміздің дамуы мен нығаюына бағытталған заңдар қабылданып, мемлекеттік бағдарламалар дайындалып, сол бағдарламаларды жүзеге асыру үшін іс-шаралар жасалып келеді. Дегенмен де, қазіргі уақытта мемлекеттік тілді қолданудың айналасындағы айтыс-тартыстар мен көптеген пікірлер осы уақытқа дейін толастамай келеді. Өйткені, тіл мәселесі-елімізде аса маңызды да, ең өзекті мәселелердің бірі. Дей тұрғанмен, бүгінгі күнге дейін қазақ тілінің мәртебесін көтеру мақсатында көптеген шаруалардың атқарылғандығын жіпке тізгендей санамалап беруге болады.

Мысалы ретінде: Президенттің 1996 жылдың 4-ші қарашадағы «Қазақстан Республикасының тіл саясатының тұжырымдамасы туралы» Өкімі, 1997 жылдың 11-ші шілдесіндегі «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 «Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы», Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы « Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлықтарын және тағы басқа шараларды атауға болады.

Міне, осындай шаралар - туған тілімізді өркендетуге жаңа серпін беріп

қана қоймай, мемлекеттік тілдің қордаланып қалған мәселелерін қозғап, кең

қанат жаюына нақты қадам жасалғанын көрсетеді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты 2012 жылдың 14-ші желтоқсанындағы Жолдауында: «Тілге деген көзқарас,

шындап келгенде елге деген көзқарас екені даусыз. Сондықтан оған бей-жай

қарамайық. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәнінде мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, елімізді Қазақ мемлекеті деп атайтын боламыз» - деген еді.

Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығында: "Біз барша

қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы болып табылатын қазақ тілінің одан әрі дамуы үшін барлық күш-жігерімізді салуымыз керек» деп

көрсеткен.

Бағдарламаның басты мақсаты - Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, қазақстандық біртектілік пен бірлікті

нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды

қолданысын қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясаты.

Мұндай бағдарламалар қазақ тілінің ауызекі сөйлеу деңгейіне де, әдеби

және мәдени сапасының тиімділігіне де оң әсерін тигізері сөзсіз. Олай болса, туған тілімізді шұбарламай, қазақ тілінің мәртебесін көтеруге ат салысу – біздің басты борышымыз. Тілдің мәселесі – ұлттың мәселесі. Тіліміздің мерейін асыратын да, құтын қашыратын да өзіміз. Қазақ тілі - Қазақстанда тұратын, оны Отаным деп қабылдайтын, өзін Қазақстанның патриоты деп есептейтін азаматтардың тілі.

«Қазақстан Республикасының тіл туралы» Заңының 4-бөлігінде, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi - қазақ тiлi. Мемлекеттік тіл –

мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу және Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы екендігі атап көрсетілген. Мемлекеттік мәртебеге ие болып отырған қазақ тілінің сот жүйесінде, мемлекеттік мекемелерде қолданылуы бүгінгі күні маңызды сұрақтардың бірі

болуда. Ата Заңымыз-Конституцияның 7-бабынының 2-бөлігінде – мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылатындығы атап көрсетілген. Мұны егер қажеттілік болған жағдайда ғана ресми түрде қазақ тілімен тең дәрежеде қолданылады деп ұғынғанымыз абзал. Біз Конституция талаптарын мүлтіксіз орындауға міндеттіміз.

ҚР «Тіл туралы» заңының 13-бабында «Қазақстан Республикасында сот ісі мемлекеттік тілде жүргізіледі ал, қажет болған жағдайда, сот ісін жүргізуде орыс тілі немесе басқа тілдер мемлекеттік тілмен тең қолданылады» деп көрсетілген. Аталған Занның 14-бабында әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер мемлекеттiк тiлде, ал қажет болған жағдайда, басқа да тiлдерде жүргiзiледi -делінген.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының

Кодексінің 738-бабының талабына сәйкес Қазақстан Республикасында әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзу мемлекеттiк

тiлде жүргiзiледi, ал қажет болған кезде iс жүргiзуде орыс тiлi немесе басқа

да тiлдер мемлекеттiк тiлмен тең қолданылады.

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген судья, органдар (лауазымды адамдар) сот ісін жүргізу тілін өзгерту қажет болған кезде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргізу тілін өзгерту туралы уәжді қаулы шығарады.

Бұл барлық, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер мемлекеттiк тiлде жүргiзiлуге тиіс, егер қажет болған жағдайда уәжді қаулымен іс жүргізу тілі өзгертілетіндігін нақты көрсетуде.

Ал, бізде бәрі керісінше,заң да басқа құжаттар да орыс тілінде әзірленіп, содан кейін барып қажет деп тапқан жағдайда, мүмкіндігінше қазақ тіліне аударылады.

Жергілікті соттарда мемлекеттік тілде қаралған істердің жалпы саны әлі төмен.  Барлығымызға мәлім қоғамдық өмірдің барлық  саласындағы мемлекеттік органдардың өкілеттілігі мемлекеттік қызметкерлер арқылы іс жүзіне асырылады. Сондықтан, осы маңызы бар салалардың іс-қағаздары, жалпы, құжат айналымы мемлекеттік тілде жүргізілгені жөн. Қоғамда, әсіресе, жастар арасында қазақ тіліне байланысты талап болмайынша, бұл мәселеде түбегейлі өзгеріс күту күрделі. Сондықтан, мемлекеттік тілді дамыту мәселесі мемлекет тарапынан қатаң бақылауда болуы тиіс. Жаһандану дәуірінде өзінің тарихының, мәдениеті мен тілінің қадіріне жететін халық қана табысты өркендей алады. Мемлекеттік органдардың, адвокаттардың, заңгерлердің басым көпшілігі арыздар мен басқа да ресми құжаттарды жазуда түрлі сылтаулармен қазақ тілінен айналып өтуге тырысады.

Қорыта келе, беделді сот жүйесін қалыптастыру үшін әр судьяның алдында кәсіби деңгейін жүйелі түрде жоғарлату міндеті болуы тиіс. Қазақтың біртуар жазушысы Ахмет Байтұрсынов: «Ана тілінде еркін сөйлеп, шын жүрегіңмен құрметтесең ғана өзгелерге де ана тілінді құрметтете аласың» деген, өз ана тілімізді құрметтеп, қазақ тілінің мәртебесін көтеруге қазақтың қара шаңырағының астында тұрған, елім, жерім деген әрбір азаматтың борышы деп есептеймін.

 

Ахметкалиев Бауыржан Нұрсапаұлы

Астана қаласының мамандандырылған

ауданаралық әкімшілік сотының судьясы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив