Рухани жаңғыру: мемлекеттік тілде сот ісін жүргізуді дамыту мәселелері

Рухани жаңғыру: мемлекеттік тілде сот ісін жүргізуді дамыту мәселелері

«Біз қазақ тілін жаңғыртуды жүргізуге тиіспіз», - деп Елбасы 2012 жылғы желтоқсан айында жария еткен «Қазақстан-2050» Стратегиясында аталған мақсатты алға қойып «2025 жыл­дан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін» мәлімдеген болатын.

2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліп­биімен басып шығара бастауға тиіспіз.  Ол кезең де таяп қалды, сондықтан біз уақыт ұттырмай, бұл жұмысты осы бастан қолға алуымыз керек», - деген болатын.

Бүгінгі күні осынау ауқымды жұмысты бастауға қа­жетті дайындық жұмыстарына кірісіп, Қазақстан латын графикасына негізделген қазақ әліпбиіне ресми түрде көшті. 2017 жылғы 26 қазанда Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» тарихи Жарлыққа қол қойып Қазақстан Республикасының Үкіметіне қазақ тілі əліпбиінің 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңімен көшуін қамтамасыз етуді жүктеді.

Осы орайда, Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабы, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 4-бабында: «Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қаты­настардың барлық саласын­да қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және ісқағаздарын жүр­гізу тілі», – деп жарияланғандықтан, сот жүйесі де бұл үдерістен қалыс қалмауы тиіс.

Біз, мемлекеттік тілді кеңінен қолдануда, еліміздің латын графикасына кезең-кезеңімен көшуін қамтамасыз етуде нормативтік-құқықтық негіздерімізді қолдануымыз қажет.

         Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодекстің 135-бабында (одан әрі - АПК) он сегіз талап бойынша сот бұйрығын шығару, 145-бабында он екі негіз бойынша істерді оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарау көзделген.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2017 жылдың қаңтар-қазан айларында Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотында барлығы 14 792 талап арыздың 1513-і бойынша некені бұзу туралы азаматтық іс қозғалған, оның 1059-ы бойынша шешім шығарылып, 168-і бойынша іс медиациялық (татуласу) тәртіппен шешілуіне байланысты қысқартылған. Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібінде 3595 шешім шығарылып, медиациялық тәртіпте 640 азаматтық іс өз шешімін тапқан.

Сот бұйрығын шығару туралы келіп түскен барлығы 3575  арыздың 3417-сі бойынша  сот бұйрығы шығарылды. Оның ішінде: 1237-сі жеке тұлғалардан салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша бересіні және өсімпұлдарды өндіріп алу туралы сот бұйрығы; 288-і  кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған міндетті шығыстарға қатысудан жалтарған үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінен берешекті өндіріп алу туралы, 641-і  іс жүзінде тұтынылған қызметтер (электрмен, газбен, жылумен, сумен жабдықтау және басқалары) үшін берешекті өндіріп алу туралы талаптар бойынша шығарылған.

Осы орайда, азаматтық сот өндірісінде аса қиындық туғызбайтын жоғарыда аталған істер бойынша істі мемлекеттік тілде қарап, латын графикасына көшуді бастауға болады деп ойламыз және оны жүзеге асырудың келесі  жолдарын ұсынамыз:

Тиісті үйымдардың өкілдерімен бірлесе отырып, АПК-нің 135-бабы 5), 10) және 11) негіздері бойынша (жеке тұлғалардан салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша бересіні және өсімпұлдарды өндіріп алу, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған міндетті шығыстарға қатысудан жалтарған үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінен берешекті өндіріп алу туралы; іс жүзінде тұтынылған қызметтер (электрмен, газбен, жылумен, сумен жабдықтау және басқалары) үшін берешекті өндіріп алу туралы талаптар бойынша сот бұйрықтарын қазақ тілінде (латын графикасында) шығаруға көшу;

         Ағылшын тілін оқып, латын әріптерін онсыз да үйреніп жатқан  жас буын үшін латын әліпбиіне көшу ешқандай қиындық, кедергілер келтірмейді. Сондықтан іске қатысушы тараптардың келісімімен неке бұзу туралы істер, оның ішінде медициялық тәртіппен шығарылған сот актілерін латын графикасында беру;

         АПК-нің 14-бабының 2-бөлігін басшылыққа алып, азаматтық істер бойынша сот тілін мемлекеттік тілге ауыстыруды кеңінен қолдану қажет;

         Атқару парақтарын латын графикасында жазу;

         «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабына сәйкес, атқарушылық іс жүргізу және оны жүргізумен байланысты іс-қағаздарын жүргізу тілі сот шешімінің немесе орындауға жататын өзге де құжаттың тілі ескеріле отырып белгіленетіндіктен, атқару өндірісін жүргізу тілін бақылауда ұстау. Атқарушылық iс жүргiзу тілі бұзылған жағдайда АПК-нің 270 – бабында көзделген ден қою шараларын қолдану.

         Сонымен қатар, сот ісін жүргізу, кеңсе жұмысын латын графикасына ауыстыру үшін судьялар және сот қызметкерлеріне латын графикасын меңгеру үшін арнайы курстар ұйымдастырып, азаматтарды қабылдау залында латын әліпбиін іліп, латын  графикасында жазылған талап арыз үлгілерін қою қажет. 

 

        

        

                                 Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының судьясы Гүлдана Сермағамбетқызы Шарапатова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив