Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасының ерекшелері

Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасының ерекшелері

Тәуелсіз егемен мемлекеттің міндетті рәміздерінің бірі оның ұлттық валютасы болып табылады. Кез келген мемлекеттің тарихына оның бір-ақ рет енгізілетін өз валютасының тарихы да кіреді. Басқа көптеген елдердің ұлттық валютасының тарихы сан ғасырлар бойы қалыптасқан. Кез келген ұлттық валюта елдің өткенін, бүгінгісін және болашағын бейнелейді.

         Қазақстан теңгесі — Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 ж. 15 қарашадағы жарлығы бойынша айналысқа енгізілді.

         Алғашқы кезде теңгенің бірінші шығарылған қатары (1 теңге = 100 тиын) мынадай номиналдардан тұрды:

  • 1, 3, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік банкноттар;
  • 1, 3, 5, 10, 20 теңгелік монеталар;
  • 1, 3, 5, 10, 20 және 50 тиындық  монеталар ( бастапқыда қағаздан жасалған).
  • 1994 жылы 1993 жылғы үлгідегі номиналы 200 теңгелік және 1994 жылғы  үлгідегі 500 теңгелік банкноттар ;
  • 1995 жылы 1994 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттар ;
  • 1996 жылы 1996 жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкноттар ;
  • 1997 жылы номиналы 1, 5, 10, 20, 50 теңгелік монеталар (жаңа дизайны);
  • 1999 жылы 1998 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкноттар;
  • 2000 жылы 1999 жылғы үлгідегі номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар (дизайны өзгертілген);
  • 2000 жылғы үлгідегі номиналы 1000 және 2000 теңгелік банкноттар ( дизайны өзгертілген );
  • 2001 жылғы үлгідегі номиналы 100 теңгелік банкноттар ( дизайны ішінараөзгертілген );
  • Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған 2001 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік мерейтойлық  банкноттар ;
  • 2001 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік банкноттар ( дизайны ішінара өзгертілген ).
  • 2003 жылғы үлгідегі номиналы 100 теңгелік банкноттар;
  • 1999 жылғы үлгідегі номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар ( дизайны ішінара өзгертілген ) шығарылды.
  • 2003 жылғы үлгідегі номиналы 10 000 теңгелік банкноттар.
  • 2015 жылғы үлгідегі номиналы 20 000 теңгелік банкноттар.

         Ұлттық валютаны енгізу туралы стратегиялық шешім елімізді қарышты дамудың жаңа жолына жетеледі, тұрақты нарықтық экономиканы құруға бағытталған құрылымдық қайта құруды жеделдетті, егеменді Қазақстан өзінің тәуелсіз саясатын жүргізуге мүмкіндік алды.

         Теңге – Қазақстан республикасының мемлекеттік нышаны. Әнұран, ту және елтаңба сияқты ұлттық валюта да мемелкеттік нышандардың қатарына жатады. «Банкнота фабрикасының құрметті қонақтар» кітабында ол ашылған күн – 1995 жылы 19 мамырда ҚР президенті жазып қалдырған мынадай жазу бар: «Біздің еліміздің экономикалық тіуелсіздігінің жарқын туындысы – біздің астанамызда теңгенің алғашқы пайда болуы, халықтың және болашақ ұрпақтың игілігіне қызмет етсін».

 

Астана қаласының Есіл аудандық сотының

Бас маман – сот отырсының хатшысы А.Сәли

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив