Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың кемел ұрпаққа келтірер залалы

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың кемел ұрпаққа келтірер залалы

Халқымыздың басым көпшілігі отбасы құндылығын жоғары бағалайды. Алайда, бүгінде отбасындағы қарым-қатынастың жоғалуы салдарынан қоғамда тәрбие дағдарысы орын алып отыр.

Отбасындағы зорлық - күрделі мәселе. Мұндай жағдайлар әртүрлі елдерде ерлі-зайыптылар және ата-ана мен бала қарым-қатынастары арасында туындап жатады. Қоғамда отбасында орын алып жатқан зорлық-зомбылық және қатыгездікпен ұштасқан жағдайлар жиілеп кетті. Көп жағдайда жас-жұбайлардың тату отбасылық өмірі ұрыс-керіс пен денсаулықтарына зиян келтіруге дейін жетіп жатады.  Осындай әлеуметтік дағдарысты көзің шалған кезде, Сауд Арабиясы, Италия және Латвия елдерінің отбасына қатысты пайдалы ұстанымы еріксіз ойыңа оралады. Бұл елдерде отбасылық өмір жөніндегі арнайы курстардан өтпеген жастарға отбасын құруға рұқсат берілмейді.

Қылмыстық жауаптылықпен байланысты күрделі әлеуметтік мәселелерге алып келетін отбасындағы зорлық зомбылықтың алдын-алу мақсатында мемлекет тарапынан да көптеген қолдаулар көрсетіліп жатыр. Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы Жарлығымен «Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясаттың кешенді тұжырымдамасы» бекітілді. Аталмыш құжат әйелдерді жынысына қарай кемсітуге жол бермеуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Заң қолданысқа енгізілді. Заң аясында адамның және азаматтың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына кепілдік беріледі, отбасын қолдау және сақтау, өмірлік қиын жағдайда жүрген әрбір адаммен  және азаматпен жеке жұмыс жүргізу қарастырылады.

 Отбасындағы тұрмыстық зорлық зомбылық көп жағдайда әлеуметтік оқшаулану, өзін-өзі төмен бағалау, ішімдік пен есірткіні пайдалану, қоғаммен байланыста туындаған мәселелер, жұмыссыздық, кедейлік және мәдени деңгейінің төмендігі салдарынан туындап жатады.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық салдарына тек кәсіби көмек арқылы төтеп беруге болады. Мұндай жағдайда жәбірленуші психологтардың көмегіне жүгінуі міндет. Қазақстанда қолданысқа енігізілген заңнама шеңберінде тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамның құқықтық санасына және мінез-құлқына жүйелі түрде  ықпал ету  және жаңадан құқық бұзушылықтың орын алмауының алдын алу үшін жеке профилактикалық шаралар қолданылады. Яғни, «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» заңның 17-бабы 2-бөлігіне сай, мұндай адамдармен профилактикалық әңгімелесу жүргізіледі, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасау не қорғау нұсқамасын шығару үшін тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамды ішкі істер органдарына жеткізу, әкімшілік ұстау, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары, құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу, әкімшілік жаза қолдану, ата-ана құқығынан айыру не оны шектеу, бала (ұл, қыз) асырап алудың күшін жою, қорғаншыларды және қамқоршыларды өз міндеттерін орындауынан босату және одан шеттету, баланы патронаттық тәрбиешінің тәрбиесіне беру туралы шартты мерзімінен бұрын бұзу, іс жүргізудің мәжбүрлеу шаралары және қылмыстық процесте жәбірленушілердің қауіпсіздік шаралары көзделген.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнама өз кезегінде адам мен азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін, денсаулығын, қоршаған ортаны, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қорғау тәртібін ұстанады. 

Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттерге  құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер жатады. Осындай құқыққа қарсы әрекеттердің біріне бой алдырған құқық бұзушы заңға сәйкес, ескерту түріндегі немесе 3 тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алу түріндегі әкімшілік жазаға әкеп соғады. Ал осы әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған болса. Құқық бұзушы 10 тәулiкке дейiнгі мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алынады.

Заңмен денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру, ұрып-соғу сияқты жеке бастың құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін жазалар қарастырылған.

Иә, бұл отбасының ұйытқуының бұзылуына әкеліп соғатын құқық бұзушылықтар үшін айыппұл салу, қамаққа алу түріндегі жазалар қолданылғанымен тұрмыстық зорлық-зомбылық саны азаймақ түгіл,  қалыпты жағдайға айналғандай.

Алайда, отбасындағы тұрмыстық мәселелер шырмауығында қалған ата-ана бала санасының уланғаны мен ластануына ең алдымен өздерінің кінәлі екенін білмеуі өкініш білдіреді.

Зорлық-зомбылықтың куәсі болып өскен жасөспірім мінезі агрессиямен ұштасып, қалыптасады. Мұндай жасөспірімдердің өмірге деген көзқарасы өзгеше, олар өзіне және өмірге деген сенімнен қалады. Жалғыздыққа бейімделген баланың есірткі заттарына әуестік білдіруі және өзіне қол салуға дейінгі әрекетке бой алдыруы мүмкін.

Жалпы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың куәсі болған балалар мен жасөспірімдер қорқынышпен өмір сүріп, теріс пиғылды іс-әрекетті бойына сіңіреді және болашақта өз өмірінде зорлық-зомбылықпен байланысты іс-әрекеттерге барады. Көп жағдайда балалар ата-ана арасындағы кикілжіңге өздерін кінәлі санайды. Зорлық-зомбылық күйін кешкен бала даму барысында эмоциялық проблемаға ұшырайды. Ол ұйқысыздық, алаңдаушылық, бақытсыздық, мазасыздық, мектептегі  өрескел мінез-құлық көрсету мәселелеріне әкеп соғады.

Отбасы құндылығы бала тәрбиесінен бастау алатындықтан, болашақ ұрпақтың дұрыс дамып-жетілуіне көп көңіл бөлу қажет. Заман талабына сай өмір сүруге тырысқан кейбір ата-ана жеке бас қызығушылығын алға қойып, көзге ілінбейтін қателіктерге жол беріп жатады. Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың тек өздеріне ғана емес, кемел ұрпақтың дамуына да зиян келтіретінене назар аудару аса маңызды.

Заманауи берік отбасының қалыптасуына жағдай жасауды қоғамның әлеуметтік дағдарысқа ұшырауына жол бермейтін көпір деп білсек болады. Демек, отбасылық саясат саласында жетістікке жетеміз десек, бала тәрбиесіне аса көңіл бөліп, отбасы құндылығын жеке бастың қызығушылығынан жоғары қоя білу қажет.

 

Судья Специализированного

межрайонного административного суда

города Астаны К.Ж.Архабаева

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

4 пікір

  1. аватар
    Fletcher 12 апреля 2024 05:09

    Hi there this is kinda of off topic but I was wanting to know if
    blogs use WYSIWYG editors or if you have to manually
    code with HTML. I'm starting aristocort a un precio asequible blog soon but have no coding know-how so I wanted to get advice from someone with experience.

    Any help would be greatly appreciated!

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив