Гендерлік саясат

Гендерлік саясат

Әлемдегі әрбір мемлекет өзінің Конституциясына сәйкес сыртқы және ішкі саясатпен  айналысатыны белгілі. Өзінің атауы  айтып отырғандай, сыртқы саясат, ол шет мемлекеттермен жүргізілетін қарым-қатынас, ал ішкі саясат мемлекеттің тәуелсіздігін нығайтып, жаһандану процессінен қалмай,  алға қарай даму үшін қажетті тетіктердің бірі болып табылады. Ал, соңғы жылдары ішкі саясаттың бір құрылымы ретінде «гендерлік саясат» деген ұғым  көп айтылып жүреді. 2000 жылғы қыркүйекте өткен  Мыңжылдық саммитiнде әлемнiң  көптеген елдерiнiң лидерлері Бiрiккен  Ұлттар Ұйымының Мыңжылдық декларациясын  қабылдады, оның сегiз мақсатының  бiрi гендерлiк теңдiктi қолдау болып айқындалған. Осы мәселеге БҰҰ Бас ассамблеясының "Әйелдер 2000 жылы: әйелдер мен ерлер арасындағы теңдiк, XXI ғасырдағы даму және әлем" атты 23-ші  арнайы сессиялары арналды. Осы сессияларға қатысушы үкiметтерге әйелдердiң өмiрдiң барлық салалары мен барлық деңгейлерiне тең қол жеткiзуiн және толық ауқымда қатысуын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдауды ұсынды. Осы мақсатта Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 27 қарашадағы № 1190 қаулысымен бекітілген «Қазақстан  Республикасындағы гендерлiк саясат тұжырымдамасы» қабылданды. Тұжырымдама Қазақстандағы гендерлiк саясаттың негiзгi қағидаттарын, басымдықтары мен мiндеттерiн белгiлейдi. Гендерлiк саясаттың  негiзгi қағидаттары Қазақстан Республикасының  Конституциясымен  кепiлдiк берiлген әйелдер мен ерлердiң тең құқығы мен еркiндiгiн белгiлейдi.  Қазақстандағы гендерлiк саясаттың мiндеттерiне әйелдер мен ерлердiң билiк құрылымдарында теңдестiрiлген қатысуына қол жеткiзу, экономикалық тәуелсiздiктiң барлық тең мүмкiндiктерiн қамтамасыз ету, өз бизнесiн дамыту және қызмет бабында iлгерiлеуі болып табылады. Сонымен қатар әр мемлекетте гендерлік саясат өзгеше жүреді, мысалы: Жапонияны алғанда, бұл мемлекетте ер адамдар айлықтары не ғұрлым, әйел адамдарға қарағанда жоғыра болады, атқаратын лауызмы бір дәрежеде болғанына қарамастан, неге деген сұрақ туындайды? Себебі: гендерлік стериотип бойынша, ер адам ақша табу керек, ал әйел адам үйге және баларға карау керек, осыдан шығатыны ер адамның айлығы жоғары болуы. Зорлық-зомбылық туралы айта кеткенде, егер ер адам, әйел адамға арыз жазатын болса, оған сенбестін пайызы жоғары немесі басқа адамдар кері көз қараспен қарайды, гендерлік стериотип бойынша, тек қана әйел адамғана үнемі тұрмыстық жағдайда жәбірленуші болады, деген ой тұрақталып кетті. Гендерлік саясат дегенде адамдардың түсінігі әр түрлі болып табылады. Гендер мәселесіне жан-жақты қарау қажет. Басым адар, гендерлік саясатты әйел адам еркек мінезге теңесуі деп түсінеді.  Гендерлік саясат дегеніміз, әйелдерді ерлермен тең дәрежеде билікке тарту, ана мен балаға айрықша әлеуметтік жағдай жасау, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу сияқты мәселелерді шешу боп табылады. Елбасымыздың жарлығы бойынша ерлер мен әйелдерді қоғамның барлық саласында теңестіру қарастырылып отыр. Демек, ерлер мәселесі де назардан тыс қалмау керек.                                                                                                                                    

 

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотының қызметкері

Б.Маратов

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив