Қылмыстық істер бойынша атқару парақтарын рәсімдеу, орындалуын бақылау тәртібі

Қылмыстық істер бойынша атқару парақтарын рәсімдеу, орындалуын бақылау тәртібі

ҚР ҚПК-тің 472 бабына сәйкес, соттың заңды күшiне енген үкiмi мен қаулысы мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, заңды тұлғалардың, лауазымды адамдардың, азаматтардың бәрiне бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында бұлжытпай орындалуға жатады. Соттың үкiмiн, қаулысын орындамау қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.

Қылмыстық  істер бойынша сот актілері заңды күшіне енген күннен бастап үш күн ішінде орындалуы тиісті.

Атқару парақтарды рәсімдеу және жолдау сұрақтарына нақтырақ тоқтала кетсек:

 Атқару парақтар электрондық түрде құрылып «Төрелік» ақпаратттық жүйе арқылы  АІЖО ААЖ тіркеуге алынады.                  Аталмыш жүйедегі қылмыстық іс карточкасына кіріп атқару парақтары рәсімделеді. Атқару парақтарды жолдар алдында қатысушылар деген топтамада сотталушының карточкасын ашып ішіне нақты мекен-жайын, құжат номерін белгілеу қажет. Сонымен қатар судья сот актінің «заңды күшіне енді» деген белгісі үшін, қайтадан ЭЦҚ арқылы қол қою қажет.

Атқару парақтар сотталушының мекен-жайына сай территориалдық сот орындаушылар органдарына орындалуға жолданады.

Егер сот қылмыстық істер бойынша жәбірленушілердің пайдасына сот үкімімен немесе қаулымен өндірсе, жәбірленушілерден арыз арқылы орындауға жолдау қажет.

Мүлікті тәркілеу, мүлікті тиым салудан босату және 1000 (бір мың) айлық есептік көрсеткіштен жоғары соммадан асса атқару парақтар мемлекеттек сот орындаушыларға Әділет департаментіне жолданады.

Қалғандары 1000 АЕК-дан төмен соммалар, жәбірленушілердің пайдасына өндірілсе орындалуға жеке орындаушыларға жолдауы тиіс. 

Сонымен қатар жәбірленушілее атқару парақты қолма қол алуға немесе сот орындаушыларға жолдануға болатындығы туралы арыз бойынша сотқа жүгінуге қажет.

Егер де жәбірленушілерден, еш қандай арыз түспесе, сот хатшылары атқару құжатты дайындап кеңсеге реестрге еңгізу үішн тапсырылады. Бұл реестр кеңседе бір жыл сақталып, әрі қарай іске салу үшін мұрағатқа тапсырылады.

Электронды түрдегі атқару құжаттарды ҚР Жеке сот орындаушылардың Республикалық палатасы тіркейді.

Қазақстан Республикасының «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының (бүдан әрі - Заң) 2-бабына сәйкес, атқарушылық iс жүргiзудің мiндеттерi болып азаматтық және әкiмшiлiк iстер бойынша сот шешiмдерiнің, ұйғарымдардың, нұсқамалар мен қаулылардың, мүлiктiк өндiрiп алу бөлiгiнде қылмыстық iстер бойынша үкiмдер мен қаулылардың, сондай-ақ өзге де органдар қаулыларының негізінде берілетін атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындатуға бағытталған шараларды мiндеттi түрде және уақтылы қолдану болып табылады.

Аталған Заңның 39-бабымен атқарушылық құжаттарды орындау мерзiмдерi көзделген, яғни мерзімді өндiрiп алу туралы атқарушылық құжаттарды қоспағанда, сондай-ақ заңнамалық актілермен орындаудың өзгеше мерзімдері белгiленгеннен басқа жағдайларда, атқарушылық құжаттар бойынша сот орындаушыларының орындауы атқарушылық iс жүргiзу қозғалған күннен бастап екi айдан аспайтындай мерзiмде аяқталуға тиiс. Құрылыстарды бұзумен, технологиялық операцияларды жүргiзумен байланысты атқарушылық құжаттар бойынша, сондай-ақ мамандарды тарта отырып мүлiктi бағалауды, сараптама жүргiзудi, борышкердiң мүлкiн сатуды, iздестiрудi талап ететiн мүлiктiк өндiрiп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша орындау төрт айдан аспайтындай мерзiмде аяқталуға тиiс.

Соттың кеңсе  мамандары, сот актілерін орындалуын бақылауға алып,  әр тоқсан сайын аумақ бойынша сот орындаушыларға ескерту жазып, салыстырмалы актілерін әзірлеп әрекеттенеді.

 

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотының бас маманы Утешева Салтанат

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

2 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив