Сот жүйесінің дамуы

Сот жүйесінің дамуы

2016 жылы Елордада өткен судьялардың VII съезінде сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев: «Тәуелсіздігіміздің таңында бізге көп нәрсе  жетіспеді, сол кезде судьялық корпусты қайта оқыту, судьялардың жаңа буынын тәрбиелеу, әкімшілік  - командалық ойлау стереотиптерін  жою қажет болды. Бүгін біздің алдымызға қойған міндеттеріміз табысты шешімін тапты деп айта аламыз. Қоғамда және мемлекетте соттардың абыройы мен ықпалы артып келеді. Егер бұдан бұрын соттар құқық қорғау жүесінің бөлігі және жазалаушы саясаттың құралы болса, қазіргі уақытта сот – бұл басты құқық қорғаушы институт бола бастады. 25 жылда сот билігі «аяғынан тұрды»  және реформалар барысында ен үздік шетел тәжірибесі мен әлемдік стандарттарды игеріп, сапалы жаңа келбетке ие болды»,  -  деді. Осы орайда, шындығында, тәуелсіздік жылдары сот жүйесі қалай дамыды, қандай жетістіктерге жетті және сот төрелігі  саласын қай бағытта дамыту қажет деген сұрақтарға жауап іздеп көрелік.

Мемлекетті басқару жүйесінде сот билігінің алатын орны ерекше. Өйткені, заң шығарушылық, және атқарушылық билік тармақтарымен қатар сот билігі қоғамдағы даулы қарым – қатынасты реттеудің бірден бір тиімді құралы болып табылады. Сондықтан да, тәуелсіздік алғаннан бері жылдардың ішінде мемлекетіміздің сот жүйесінде, соттардағы дауларды шешуді жеңілдетуге, азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған көптеген өзгерістер орын алды.

1995 жылғы бүкілхалықтық референдумда қабылданған Конституциямызға да сәйкес, еліміздің сот жүйесінің тәуелсіз сот билігі тұрпатында қалыптастыруында біршама өзгерістер жүзеге асырылды. Бұдан кейінгі сот жүйесіндегі айтулы өзгеріс 2000 жылдың 25 желтоқсанында, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» қонституциялық заңы қабылданған уақытқа келеді. Сот ісін жүргізуді қайта құру, азаматтық – құқықтық нормаларды және судьялар әдебі нормаларын жетілдіру, соттарды қаржыландыру, сот төрелігінің сапасын арттыру мақсатында соттарды мамандандыру сияқты бірқатар реформалар жүзеге асты.

Соттарды мамандандыру барысыда обылыс орталықтарында экономикалық, әкімшілік, алқа билердің қатысуымен қылмыстық істер бойынша қарайтын соттар құрылып, олар салаға тың серпін берді. Себебі, біркелкі істердің бір жерге топтасуы, судьялардың  бір бағытта мамандануы дауларды тез әрі сапалы түрде шешуге мүмкіндік береді.

Сезіктіге бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алуға, санкция беру прокурордың құзыретінен алынып, сотқа берілгендігі алдыңғы қатарлы, өркениетті мемлекеттердің ұстанымына сәйкестендірілді, себебі, сезікті өз құқықтарын ашық сот отырысында, бәсекелестік принциптерін пайдалана отырып қорғауға мүмкіндік алды.

Аталған әрекеттер сот жүйесін тәуелсіздендіруге, демократияландыруға және азаматтардың құқықтарын заң шеңберінде қорғауға бағытталған шаралар болып табылады.

Қазіргі кезде мемлекетіміздің құқық жүйесінде ауқымды реформалардың жүргізілуі жаңа толқынмен қарқын алуда. Атап айтқанда, ел Президентінің бастамашылығымен тың идеялар қолға алынып, «100 нақты қадам»

  • Қазақстан Республикасының дамыған мемлекеттердің отыздығына кіру жөніндегі Ұлт Жоспары іске асырылуда.

Аталған жоспардың «Заң үстемдігін қамтамасыз ету» бөлігінде құқықтық жүйені дамытуға бағытталған 19 нақты қадам қарастырылған. Соның ішінде сот жүйесінде орындалуы тиіс шаралар көзделген. Ел Президентінің «Тәуелсіз және әділетті сот – құқықтық мемлекеттің негізі. Онсыз мемлекет өркениеттігінің деңгейі көтерілмейді» деген сөзін өмірдің өзі дәлелдеп берді.  

 

Бас маман- сот отырысының хатшысы К.Иманбекова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

2 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив