Сот кабинеті сот төрелігіне қол жеткізуді арттыру тәсілі ретінде

Сот кабинеті сот төрелігіне қол жеткізуді арттыру тәсілі ретінде

Халықтың мүддесін жоғары қоятын, Қазақстан елі үшін зайырлы, демократиялық және құқықтық мемлекет құру жолында Сот төрелігін жүзеге асырудағы сот пен судьяның тәуелсіздігі мәселесі қашан да өзекті.

    Биліктің бір тармағы болып саналатын тәуелсіз сот жүйесінің басты мақсаты – азаматтар мен заңды тұлғалардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау.

    Қазіргі заманғы электрондық технологияларды сот жүйесіне енгізу азаматтардың сот төрелігіне қол жеткізу деңгейін арттыруға, құқықтық қоғамның барлық мүшелеріне және бұқаралық ақпарат құралдарына соттардың қызметі туралы жедел ақпарат алуға мүмкіндік берді.

    Сот билігінің маңызы, өзіндік белгісі оның өзге биліктен айырмашылығы болып табылады. Ешбір басқа билік тармағының – заң шығарушы, атқарушы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті де сот өкілеттіктерін иеленбейді. Тек соттар ғана әділ сотты жүзеге асырады, бұл Конституцияда ерекше ескерілген. Конституцияның 75 бабында Қазақстан Республикасында әділ төрелігін тек қана сот қана жүзеге асыратыны нақты белгіленген.

    Қазіргі таңда Сот төрелігінің ашықтығын қамтамасыз ету, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру, сот төрелігін атқару барысында азаматтардың заңды құқықтарының сақталуын қорғау мақсатында іс шаралар жүйелі   түрде атқарылып келеді.

    Мемлекет басшысының республика судьяларының алтыншы съезінде берген тапсырмаларының бірі азаматтардың сот төрелігіне кеңінен қол жеткізуін қамтамасыз ету, сот жүйесінің жұмысына қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды кеңінен енгізу мәселелері. Осыған байланысты қоғам сұранысының артуы ақпараттық технологияларды сот жүйесінің қызметінде пайдалануды ұдайы жетілдіруді қажет етеді.

    Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының 2014 жылы іске қосқан «Сот кабинеті» сервисі электрондық өзара іс-қимыл арқылы сот ісін жүргізуді жеңілдетуге, сондай-ақ сот жүйесінің анықтығын, қолжетімділігін қамтамасыз етуге және жедел жұмыс істеуіне бағытталған. «Сот кабинеті» азаматтарға сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы талап-арыздарды (арыздарды), апелляциялық шағымдарды, өтінішхаттарды электрондық құжат нұсқасында беруге, мемлекеттік бажды интернет арқылы немесе пайдаланушы үшін қолайлы басқа орындар арқылы онлайн режимінде төлеуге мүмкіндік береді.

   «Сот кабинеті» 2016 жылдан бері пайдаланушыларға жетілдірілген түрде қызмет көрсете бастады. Оның құрылымы да өзгерді.

Атап айтқанда, «Сот кабинеті», «Сотқа шақырту қағазы», «Сот құжаттарымен танысу», «SMS-хабарлама электрондық сервистері, сот органдарының Call-орталығы, техникалық құралдардың көмегімен сот мәжілістерін дыбыс-бейне жазбаға жазу қолға алынған. Бұл дегеніміз сот жүйесінің ашықтығы мен жариялылығы қағидасының тек заң жүзінде ғана емес, шынайы жүзеге асырылып жатқандығын көрсетеді.

    Жоғарғы Сот ағымдағы жылдың 4-сәуірінен бастап сот процесіне қатысушылар мен «Сот кабинеті» сервисінің басқа да қолданушылары арасында online-сауалнама жүргізу басталды.

    Сауалнама жүзеге асырылып жатқан реформалар, сондай-ақ «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын іске асыру шеңберінде қазақстандық соттар жұмысының сапасы мен қолжетімділігіне азаматтардың қанағаттанушылық деңгейін анықтау мақсатында жүргізіледі.

    «Сот кабинеті» сервисін пайдаланушылар оның мүмкіндіктерін, яғни оны тұрғындардың кеңінен пайдаланатынын, осы сервистің адвокаттардың, судьялардың және соттар мамандарының тиімді жұмыс істеуіне, азаматтардың құқықтық мәдениетінің артуына, азаматтардың өздерінің конституциялық құқықтарын қорғауына оң ықпал етіп отырғанын атап өткен жөн.

    «Сот кабинеті» сотқа жүгінуші тараптар үшін осыншама жеңілдіктер мен   ыңғайлы жағдай туғызады. Бұл жүйені кез келген азаматтың біліп алғаны   жақсы. Электронды арыз беру әдісі тараптардың ең алдымен уақытын үнемдесе, екіншіден жол шығынын қысқартады. Үшіншіден сот процесінің қалай жүргізіліп жатқандығы жөнінде өз үйіңізде отырып-ақ хабардар болуға мүмкіндік   береді.

    Сонымен, сот саласы жайлы айтатын болсақ, сот жүйесі іс жүзінде ашық және қолжетімді, қарапайым және барлық дауды тез шеше алатындай болу үшін барлық жағдай жасалған.

    2017 жылдың 1 сәуірінен бастап Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті республикадағы соттар мен судьялар қызметіне сыртқы бағалау жүргізу пилоттық жобасы іске қосты.

    Пилоттық жоба сауалнама арқылы соттар мен судьялар қызметін бағалау 2017 жылдың 10 сәуір мен 1 шілде аралығында «Сот кабинеті» сервисінің шеңберінде сот процесіне қатысушылар арсында жүргізіледі.

 

Астана қаласы

Сарыарқа ауданы сотының                        

сот приставы     

Сабиева Гаухар Әлімжанқызы                                                       

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив