Тәуелсіздігіміздің негізгі тірегі, ұлттың тілі – ана тілі!

Тәуелсіздігіміздің негізгі тірегі, ұлттың тілі – ана тілі!

Қашаннан да елдіктің қайнар көзі – белгілі бір халық екендігі белгілі. Тарихи тұрғыдан келгенде, қандай болмасын мемлекет әдетте ұлттық мемлекет ретінде пайда болады. Оның мемлекеттік құрылтайшысы, әрі әлеуметтік базасы белгілі бір этникалық қауым болып табылады. Тарихи және жалпы азаматтық практикада, бұл солай. Яғни, ел болған жерде оның тілі-мемлекеттік тіл болуы керек. Біздің еліміз қазақ елі болғандықтан, мемлекеттік тіліміз де қазақ тілі. Бұл Ата заңымыздың 7-бабында «тайға таңба басқандай» етіп, мемлекеттік тіл – қазақ тілі деп атап көрсетілген. Сондықтан да мемлекет өз тілін сақтап, оның қолдану өрісін кеңейту үшін қолдан келгеннің бәрін жасау керек. Тәуелсіз Қазақстанда тіл мәселесіне айтарлықтай көңіл бөлініп келеді. Өйткені тіл - біздің ана тіліміз - Туымыз, Ел таңбамыз, Ән ұранымыз бен қатар біздің елдігіміздің басты белгілерінің бірі болып саналады. Тіл тарихы халық тарихына ұқсас. Қоғамның жылжып, өзгеруіне байланысты тіл де дамып, өзгеріп отырады.

      Тіл – ұлттың ұлт екенін көрсететін ең басты белгі. Қай қоғамда болмасын тіл әр уақытта біріктіруші, ұйымдастырушы фактор қызметін атқарған. Оның түрлі салалары да тиесілі бағасын алып, тілдің қолданылу аясын кеңейтіп келеді. Ана тілінің негізі бесіктен бастау алып, мектеп қабырғасында қаланатынын ескерсек, онда  мектептердегі қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерінің қазіргі заман талабына сай оқытылуы да аса маңызды. Бүгінгі таңда қазақ тілі еліміздің дара діңгегі  ретінде  қабылданғанымен,  әлі де күн тәртібінен тіл тазалығы түспей  тұрғандығы жанымызға батады-ақ. Бізді бір қуантарлығы, дәл қазір арамызда отанын, жерін, елін сүйетін нағыз қазақи  рухтағы жастар легі өсіп келе жатқандығы. Олардың жанарындағы жалын, жүрегіндегі жігер, бойларындағы намыс кімді болмасын қуантатыны анық.        

        Тіл мәселесі қашанда басты назарда тұрды. Өйткені қоғамның ілгері дамуы да, мәдениеттің өркендеуі де тілмен тығыз байланыста болады. Сондықтан да тіліміздің көсегесін көгертетін де, мерейін асқақтататын да тек қазақ халқы ғана емес, барша қазақстандықтар. Себебі қазақ тілі өзін Қазақстанның патриотымын деп санайтын әр азаматтың тілі. Тіліміздің мәртебесін көтереіп, оны дамыту – барлығымызға ортақ міндет. Мемлекеттiк тiл - мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi. Тәуелсіздігіміздің негізгі тірегі – ұлттың тілі, діні, ділі.

     Тіл мәселесі қашанда басты назарда тұрды. Өйткені қоғамның ілгері дамуы да, мәдениеттің өркендеуі де тілмен тығыз байланыста болады. Сондықтан да тіліміздің көсегесін көгертетін де, мерейін асқақтататын да тек қазақ халқы ғана емес, барша қазақстандықтар. Себебі қазақ тілі өзін Қазақстанның патриотымын деп санайтын әр азаматтың тілі.

     Тәңірдің адам баласына жасаған сыйы да – тіл. Қазақ тілі қазақ халқының ғана емес, Қазақстан мемлекетінің тіліне айналатын мәртебесі мен мерейі үстем болатын күн туды. Әр халқтың баст байылығы, баға жетпес қазынасы – ана тілі екендігі ақиқат. Ұлт тілін құрметтеу, оны білу - әрқайсымыздың асыл парызымыз.

 

Абильдинова Рабиға Шыңғысқызы

Ақмола облысы

Целиноград ауданы

Р.Қошқарбаев аулы №43 орта мектеп ұстазы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив