Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ

Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылдың 17 қаңтарындағы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында атап өтілгендей, әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ұмтылыс кезінде біздің елімізге заңның үстемдігі және жоғары құқықтық мәдениет қажет.

Елбасының "Қазақстан-2050" стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауында сот актілерін орындаумен байланысты жағдайды түбегейлі өзгерту туралы тапсырма қойылды.

Осыған орай, мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі іс  - шаралардың жалпыұлттық жоспары әзірленіп, бекітілді. Жоспарға сәйкес, әділет, прокуратура органдарына және Жоғарғы Сотқа сот актілерінің орындалу жүйесін жетілдіруге бағытталған заң жобаларын дайындау міндеті жүктелді.

Сот актілерін орындаудың тиімді жүйесін қалыптастырудың тетігін таппай азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін мемлекет тарапынан қорғауға конституциялық кепілдікті қамтамасыз ету мүмкін еместігі мәлім. Сот актісінің орындалуы сот өндірісінің қорытынды сатысы болып табылады. Осы сатыда ғана бұзылған немесе даулы құқықты іс жүзінде қорғау жүзеге асырылады. Азаматтардың сот билігінің тиімділігін және заң ықпалын сезінуі атқарушылық іс жүргізудің сапасына байланысты.

Енгізілген тың  жаңалықтың бірі :

- атқарушылық өндірістегі медиация процедурасы. Енді өндіріп алушы және борышкер cот актісін орындау барысында туындайтын дауды өздері реттей алады. Медиция тәсілі мен тараптардың атқару өндірісі барысында татуласу /бітімгершілік/ келісіміне келуі бұрын болмаған соны жаңалық болып табылады.

«Медиация туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1 бабының 1тармағына енгізілген өзгерістерге сәйкес, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын, сондай-ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы, қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар (жанжалдар) және атқарушылық іс жүргізуді орындау кезінде туындайтын қатынастар медиацияның қолданылу саласы болып табылады.
      Егер тараптар орындау өндірісін бітіммен немесе медиациялық келісіммен аяқтаса, сот орындаушысының орындау өндірісін қысқартатыны Қазақстан Республикасының «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы»заңының 47 бабында бекітілген.

Жоғарыда көрсетілген өзгерістер 2014 жылғы 30 қарашадан бастап заңды күшіне енген қолданыстағы заңнамаларға, атап айтқанда АПК-не кіргізілген өзгерістерде көрініс тапты.

Қазақстан Республикасының Азаматтық Процесстік кодексі татуласу келісіміне қатысты мәселені реттейтін жаңа тараумен толықтырылды.

Қолданыстағы заңның 173-2, 173-4 баптарына сәйкес, татуласу келісімі іс жүргізудің кез-келген сатысында, яғни сот актісін орындау барысында да жүзеге асырылады. Бұл жағдайда егер тараптар татуласу келісіміне келген болса, ол сот актісін орындау орын алған жердегі немесе сот актісін қабылдаған соттың бекітуіне ұсынылады.

Мұндай келісімнің ерекшеліктеріне тоқталар болсақ, татуласу келісімі жазбаша нысанда, соттың бекітуімен, тараптардың мүддесін көздей отырып жасалады және онда сот актісінің орындалуға жатпайтыны көрсетілуі тиіс. Алайда егер татуласу келісімі онда көрсетілген жағдайларда ерікті түрде орындалмаса, татуласу келісімі тарабының өтінішімен орындау парағы шығарылып, еріксіз орындауға жолданады.

Медиациялық келісім мен татуласу келісіміне ортақ белгілер – жазба түрде жасақталуы, соттың бекітуіне ұсынылуы, атқару өндірісі барысында да жасауға жол берілетіні, сотпен бекітілетіні, орындау өндірісі қысқартылатыны, сот орындаушының қаулысына /әрекетіне/ шағымдануға жол берілетіні. Тараптар келісіміне қол жеткізілген жағдайда сот орындаушысы орындау өндірісінің қысқартылатыны туралы бір тәулік мерзімде қаулы шығарады.

Айта кетерлігі, қоғамда қызу талқыланған азаматтық процесстік кодексінің жобасында айтылып отырған мәселелер жетілдіріліп, татуласу келісімі, медиативтік келісім, партисипативтік тәсіл түрінде көрініс тапты.

 

Астана қаласы

Алматы аудандық сотының

судьясы                                                                    

Л.К. Сүйіндікова

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив