Сот приставының мақсаты

Сот приставының мақсаты

         Сот приставы мемілеккетік қызметте тұратын және өзіне заңмен жүктелген міндеттерді орындайтын лауазымды адам болып табылады.

Сот приставының заңды талаптары барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi. Сот приставы негізінен сот үйлерiн күзетудi қамтамасыз ету, судьяларды және процестiң басқа да қатысушыларын күзету, залдағы қоғамдық тәртіпті сақтау, сондай-ақ, атқарушылық iс-әрекеттерiн жасау кезiнде сот орындаушылары мен осы iс-әрекеттерге қатысатын тұлғаларды күзетуі қамтамасыз етеді.

         Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 шiлдедегi N 150 Заңының      2-бапбымен келісе отырып  сот приставтарының негігі мiндеттерiне

         1) сот отырысы кезiнде, сондай-ақ сот орындаушылары атқарушылық iс-әрекеттер жасаған кезде залда қоғамдық тәртiптi сақтау;

         2) бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазалардың орындалуын бақылау;

         3) iс жүргiзу әрекеттерiн орындауда сотқа жәрдемдесу;

         4) сот үйлерiн күзетудi қамтамасыз ету, судьяларды және процестiң басқа да қатысушыларын күзету, сондай-ақ атқарушылық iс-әрекеттерiн жасау кезiнде сот орындаушылары мен осы iс-әрекеттерге қатысатын тұлғаларды күзету;

         5) соттардың және басқа органдардың орындаушылық құжаттарын орындауға мәжбүр етуде сот орындаушыларына жәрдем көрсету болып табылады.

7-бапта  көрсетілген сот приставының құқықтары мен мiндеттерi

  1. Сот приставы өзiне жүктелген мiндеттердi орындау мақсатында:

         1) азаматтардан сот қызметiнiң белгiленген тәртiбiн сақтауды, сондай-ақ соттың үй-жайында және сот отырысы залында құқыққа қайшы iс-әрекеттер жасауды тоқтатуды талап етуге;

         1-1) сот орындаушылары атқарушылық iс-әрекеттер жасаған кезде азаматтардың белгiленген тәртiптi сақтауын және құқыққа қарсы iс-әрекеттердi тоқтатуын талап етуге;

         2) соттың үй-жайында (көшпелi отырыс өткiзiлген жағдайда - сот отырысы өткiзiлiп жатқан үй-жайда) және сот орындаушылары атқарушылық iс-әрекеттер жасаған кезде құқық бұзушыны әкiмшiлiк жолмен ұстауға;

         3) заңдарда белгiленген тәртiппен жауапқа тарту үшiн құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға;

         4) құқық бұзушыны құқық қорғау органдарына жеткiзуге;

         5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен атыс және электрлік қаруын арнаулы құралдар мен күш қолдануға құқылы.

  1. Сот приставы:

         1) өзiне берiлген құқықтарды қатаң заңға сәйкес пайдалануға және өз қызметiнде азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiне нұқсан келтiруге жол бермеуге;

         2) судьяларды және сот процесiне қатысатын өзге де тұлғаларды, сондай-ақ атқарушылық iс-әрекеттердi жасаған кезде осындай iс-әрекеттерге қатысатын тұлғаларды күзетудi жүзеге асыруға;

         3) кеңесу бөлмелерiн, соттың басқа да үй-жайлары мен үйлерiн күзетудi қамтамасыз етуге;

         4) Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес атқарушылық iс-әрекеттер жасауға қатысуға;

         5) сот отырысы залында және соттың үй-жайында, сондай-ақ атқарушылық iс-әрекеттердi жасаған кезде құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге;

         6) судьяның тапсырмасы бойынша қылмыстық iс пен заттық айғақтарды жеткiзудi және соттың тұрақты орналасқан жерiнен тыс сот талқылауын жүргiзу кезiнде олардың сақталуын қамтамасыз етуге;

         7) судьяның сот талқылауын жүргiзу тәртiбiн сақтауға байланысты өкiмдерiн орындауға;

         8) сотқа келуден жалтарған адамдарды сот орындаушысына немесе атқарушылық iс-әрекеттер жасалатын жерге күштеп алып келудi жүзеге асыруға;

         9) қамауға алынған адамдарды қорғау және олардың қауiпсiздiгi мәселелерi бойынша қарауыл қызметi қызметкерлерiмен өзара iс-қимыл жасауға мiндеттi.

         құралдарды және ұрыс тәсiлдерiн әйелдерге, кәмелетке толмағандарға және айқын мүгедектiк белгiлерi бар адамдарға қатысты қолдануға тыйым салынады.

  1. Қару, арнаулы құралдар мен ұрыс тәсiлдерi қолданылған барлық жағдайларда сот приставы айналадағы азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету үшiн қажеттi шаралар қолдануға, қарудың, арнаулы құралдар мен ұрыс тәсiлдерiнiң қолданылғаны туралы тиісті аумақтық бөлімшенің басшысына хабарлауға мiндеттi. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының приставы қарудың, арнаулы құралдар мен ұрыс тәсiлдерiнiң қолданылғаны туралы уәкілетті органның басшысына хабарлауға мiндеттi.

         Қару, арнаулы құралдар мен ұрыс тәсiлдерiн қолданудың адамдар өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтырған әрбiр жағдайында дереу прокурорға хабарланады.

  1. Сот приставтары қару-жарағына кiретiн атыс қаруы мен оған арналған оқ-дәрiлер, электрлік қару мен арнаулы құралдар түрлерiнiң тiзбесiн және оларды бөлу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. Сот приставтарының бөлiмшелерiн қарумен және арнаулы құралдармен қамтамасыз ету уәкiлеттi органға жүктеледi.

6-бапта көрсетілген сот приставына қойылатын талаптар

  1. Кемiнде жиырма бiр жасқа толған, орта (орта білімнен кейінгі) бiлiмi бар, өзiнiң iскерлiк және жеке қасиеттерi бойынша, сондай-ақ денсаулық жағдайы бойынша өзiне жүктелген мiндеттердi орындауға қабiлеттi және арнаулы тексеруден өткен, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын адам сот приставы болып тағайындала алады.

         Сот приставтары арнаулы даярлықтан өтiп, содан кейiн табельдiк және электрлік атыс қаруын сақтау және алып жүру, арнаулы құралдарды пайдалану құқығына ие болады.

  1. Сот приставы лауазымына бұрын сотталған немесе қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметтен және құқық қорғау органдарынан теріс себептер бойынша шығарылған адамдар тағайындала алмайды.

Астана қаласы Есіл аудындық сотының

аға сот приставы Н. Шарипов

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

2 пікір

  1. аватар
    Lonny 19 сентября 2023 11:57

    Howdy! Someone in my Myspace group shared this website with us so I came to take a look.

    I'm definitely enjoying the information. I'm bookmarking and will be tweeting this to
    my followers! Superb blog and fantastic style and design.

    Feel free to visit my site :: Andy

  2. аватар
    Michale 6 февраля 2024 07:17

    Link exchange is nothing else but it is just placing the other person's webpage link on your page at
    appropriate place and other person will also do same in favor of
    you.

    Have a look at my web blog - Polska

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив