Сот жүйесінің жаңашылдықтары

Сот жүйесінің жаңашылдықтары

 Біздің елімізде жүргізіліп жатқан сот реформаларының нақты жетістіктері ретінде соттар қызметінің ашықтығын атап өтуге болады. Мемлекеттің стратегиялық бағытымен қоса сот саласы модернизациясының бірден бір маңызды принципі сот жүйесінің кеңеюі болып табылады, сондай-ақ артық регламенттің болмауы,  инновациялық технологияның қолданылу саласын ұлғайту мен арттыру. Елбасымыздың «Қазақстан-2050» әлемдік стандарттарға сай дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіру бойынша міндеттерін орындаудың бір көрінісі электрондық басқару жүйесі болып табылады. Уақыт талабына сай «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі сотта белсенді түрде қолданылуда. Жергілікті халық уақыттарын және қаржыларын үнемдеу мақсатында сервистік қызметті пайдаланады. «Сот кабинеті» электрондық сервисін жүзеге асыру сот өндірісін электронды түрде пайдалануға байланысты, оның ішінде сот органдарына электронды жүгіну,  арыз, сот хаттамасымен танысу туралы өтінішін қарауға мүмкіндіктері бар. Аталған сервис  арқылы мынандай операциялар: өтініш, шағым және қолдау хаттарды электронды түрде беруге дайындау және жүгіну; онлайн мемлекеттік баж төлемін; деректерді қосу және сақтау қауіпсіздігін  орындауға болады. Пайдаланушы сот құжаттарын өзіне ынғайлы уақытта қарауға, істің тарихын қарауға және сот актілерін шығарып алуға мүмкіндігі бар.

          Бұл заманауи технологияларды ендіру мен пайдалану сот жүйесінде сот ісін жүргізуді жеңілдетіп, бюрократиялық кедергілерді алып тастайды, сонымен қатар сот жүйесі қызметкерлерінің азаматтармен байланысын барынша азайтып, сыбайлас жемқорлықты төмендетуге ықпал етеді.

         Сот жұмысындағы жаңа технлолгиялардың бірі -  сотта барлық сот процестері дыбыс-бейне жазуды қолданумен  өткізіледі, судьяның бейне жазуды тоқтатуға немесе дыбыс жазу материалдарын редакциялауға мүмкіндігі жоқ. Бұл сотқа қатысушы адамдарды тәртіпке салып, судьялардың үстінен түсетін негізсіз шағымдар санын азайтып, сот төрелігінің ашықтығын, әділ өтетінін қамтамасыз етеді.                                                          

        «Сот кабинеті» сервисінің қызметі электрондық өзара іс-қимыл арқылы сот ісін жүргізуді жеңілдету, сондай-ақ сот жүйесінің жеделдігін, қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған. Азаматтар сотқа талап арыздарды (өтініштерді), апелляциялық шағымдарды, сот актілерін кассациялық тәртіпте қайта қарау туралы өтінішхаттарды  сервис арқылы электронды құжат түрінде ұсына алады, әрбір тұтынушы үшін ыңғайлы жерде интернет арқылы мемлекеттік баж салығын онлайн түрінде төлеуге мүмкіндік береді.

      Келешекте сот төрелігінің сапасын арттыруға, еліміздің сот жүйесінің тәуелсіздігі мен тиімділігінің кепілдігін нығайтуға және сот билігінің имиджін арттыруға Елбасының қойған тапсырмаларын орындау үшін барлық шаралар қолданылуда.

 

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотаның бас маманы               

Ж.Жусупова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив