Медиаторлардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді

Медиаторлардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында сот судьяларының және «Халықаралық құқық қорғау орталығы» ҚБ өкілі З.Казиева, «Медиаторлардың Ұлттық палатасы» РҚБ өкілі С.Тулькубаеваның қатысуымен  «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Судья Г.К.Избасарова баяндамасында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен татуластыру рәсімдерін кеңейту мақсатында ағымдағы жылдың ақпан айынан шілде айына дейін соттарда даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеу бойынша пилоттық жоба іске асып жатқандығын атап өтті. Пилоттық жобаны жүзеге асыру туралы ереже Жоғарғы Сот Төрағасының өкімімен бекітілген.  Пилоттық жоба мақсаты азаматтық іс жүргізуге даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу болып табылады. Пилоттық жоба қатысушылары жасөспірімдер істері жөніндегі мамандандырылған соттар, азаматтық істер қарайтын аудандық және оларға теңестірілген соттар, мамандандырылған экономикалық соттар, сонымен қатар медиаторлар болып табылады.

Дөңгелек үстел барысында сот судьялары және шақырылғандар осы тақырыпқа байланысты өзара пікір алмасты, медиаторлар тарапынан өздерінің қызметін түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ал іс-шараның соңында төрағалық етуші барлық қатысушыларға келгендері және тақырыпқа деген қызығушылықтары үшін алғыс білдірді.

 

Пресс-служба СМЭС Актюбинской области

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив