Сот жұмысында жаңа технологияларды қолдану

Сот жұмысында жаңа технологияларды қолдану

Барлық соттарда ақпараттық-анықтамалық киоскілер ашылған. Осы киоск және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты және облыстық соттардың сайттары арқылы кез келген азамат қаралатын істер тізімін, сот актілерін, соттардың сенім телефондарын, төрағалардың азаматтарды қабылдау, ашық есік күндерін көре алады, төрағаларға блог арқылы сұрақтарын қоя алады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және республика соттарының интернет-ресурстарында «Сот актілерімен танысу» және «Сот кабинеті» электрондық сервистік жүйелері енгізіліп қызмет көрсетуде. Екі сервиске Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының http://www.sud.kz  ресми сайттары арқылы пайдалануға болады.

«Сот құжаттарымен танысу»  сервисінің тиімділігі сотта істі қарау барысы туралы процеске қатысушыларға жедел хабарлау үшін арналған. «Сот кабинеті» сервисі электронды түрде Қазақстан Республикасы сот органдарының сервистері мен қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай жүйесі болып саналады.

Сот төрелігін жүзеге асыру процесін жеңілдету, азаматтардың күнделікті өмірінде және мемлекеттік билік органдарының жұмысында орныққан жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану, бұл көптеген қолайсыздықтардан арылуға және уақыт пен қаржы ресурстарын аз жұмсау арқылы барынша тиімді жетістікке жетуге мүмкіндік береді.

Аталған жүйенің сервисі ЖСН немесе БСН және құпия сөз арқылы жүзеге асырылады.  Логин мен құпия сөзді сотқа қатысушы тараптар ұялы телефонына немесе электронды поштасына келіп түскен электронды хабарлама арқылы біле алады. Жолданған өтініші тіркелген соң тарап оның қозғалысы туралы талон мен электронды хабарламалар арқылы біліп отырады. Іске қатысушы өзге де тарапқа сот тыңдалымы туралы талон жолданады. Жедел ақпараттандыру мақсатында іске қатысушыларға судьяның электронды-сандық қолтаңбасы қойылған сот актілерінің шыққаны туралы смс-хабарламалар жолданады.

Жоғарыда аталған ақпараттық жаңа технологиялар арқылы сот саласы халыққа ашық әрі қолжетімді. Ендігі мақсат осы жаңа технологияларды жұмыс барысында дұрыс, тиімді пайдалану, игеру.

 

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық сотының

кеңсе бас маманы А.И.Биманова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив