ІІМ басшысы “Жас сарбаз” мектебінің тәрбиеленушілерімен кездесті

ІІМ басшысы “Жас сарбаз” мектебінің тәрбиеленушілерімен кездесті

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Павлодар қаласының Қабанбай батыр атындағы “Жас сарбаз” лицей-интернатының тәрбиеленушілерімен кездесті.

Әскери салаға мамандандырылған оқу орнының тәрбиеленушілері сап түзеуден бастап, қару-жарақты пайдалануға дейінгі жаттығуларды жақсы меңгерген. Басты жетістіктері – смарт бағыт. Робототехникаға ден қойған жеткіншектер өз қолдарымен әскери дрон түрлерін жасап шығарған. Кездесу кезінде олар ведомство басшылығына өз жұмыстарын көрсетті.    

Электронды тир, қашықтықтан басқаратын танк үлгісі, адам үшін қауіпті жерге жіберілетін робот, сондай-ақ қылмыстық оқиға болған орынды сурет арқылы 3D форматта көрсету жобасы. “Жас сарбаз” мектеп- интернаты оқушыларының жұмысына министр оң баға берді. Олармен пікірлесіп, отан сүйгіш ұландардың тәрбиесі үшін лицей-интернат қызметкерлеріне алғыс білдірді.

Ведомство жасөспірімдерге де, мектеп-интернат кітапханасына да қазақстандық полиция туралы кітап табыстады. Бұл тәртіп сақшысы болғысы келетін оқушылар үшін бағыт-бағдар болмақ. Жыл сайын “Жас Сарбаз” мектебінде ішкі істер саласын таңдайтындар қатары артып келеді. 

Ішкі істер министрімен кездесуден соң 16 жас сарбаз полицейлердің жұмысымен танысты. Жедел басқару орталығына барып, бейнебақылау операторларының жұмысын көрді. Тергеушілермен кездесіп, тергеу департаментінің қылмыстық істер мұрағатына барды. Жедел-криминалистикалық департамент қызметкерлері баллистика бойынша практикалық сабақтар өткізді.

Елордаға арнайы келген павлодарлық оқушылар ІІМ мұражайында да болды. Онда қазақстандық полицияның қалыптасу тарихы туралы мол мағлұмат алып, жәдігерлермен танысты.

Айта кетейік, Қабанбай батыр атындағы “Жас сарбаз” мектеп-лицей интернатында 120 бала білім алады. Әскери салаға мамандандырылған мекеме міндеті – патриоттық рухы биік ұрпақ тәрбиесі.

https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/491382?lang=kk

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

4 пікір

  1. аватар
    Rhea 12 января 2024 11:50

    Magnificent goods from you, man. I've understand your stuff
    previous to and you are just extremely magnificent. I really like what you have acquired here, certainly like what you
    are stating and the way in which you say it. You
    make it enjoyable and you still care for to keep it sensible.

    I cant wait to read far more from you. This is actually a wonderful web site.


    my website ... Candida

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив